Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Талдықорғанда бала күтуші үш жасар баланы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
Оқиға

Талдықорғанда бала күтуші үш жасар баланы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 20.09.2022
Обновлено 20.09.2022 в 02:09
Поделиться
Поделиться

Талдықорған қаласында күтушісі өлімші етіп сабаған үш жасар бала ауруханада көз жұмды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, баланың анасы күтушіні интернеттен тауып, екі баласын күні-түні қалдырған. Бала күтімінің ақысын төлей алмаған соң бала күтуші балаларды анасына бермей, үйінде қамап ұстаған.

13 қыркүйек кіші ұлым Захар бір жасқа толды. Ал осы қаза тапқан ұлым мамырда үшке толған. Үлкен қызым интернатта тұрып оқиды,

дейді сәбидің анасы Мадина Таукенова.

Оқиғаның қалай болғанын баяндай келе ол баласының өліміне Қарлығаш есімді күтуші кінәлі деп мәлімдеме жасады.

Кіші ұлым бір жасқа толғанда күтушіге звондап, оның туған күнін атап өткім келетінін айттым. Қолхат жазып берейін, туған күнінде алып кетейін дедім. Қарлығаш маған телефон соғып, біраз ақша қарызсың, қашан бересің деді. Мен ақша болмай жатқанын айтып, күте тұр дедім. Тағы да сол қолхат жазып берейін, Дэвид пен Захарды көрсетші, сағындым дедім. Сенбеймін, бермеймін деді. Мен қатты сағынғанымды айттым,

дейді әйел.

Мадина Таукенова өзінің үйі, ақшасы жоқ жетім екенін айтқан. Жағдайы болмаған соң, интернеттен тапқан бала күтушіге екі ұлын қалдырып, өзі Талдықорған қаласындағы қонақүйлер мен әртүрлі мекемелердің еденін жуып, ақша тапқан.

12 қыркүйек телефон соғып, бала қатты ауырып, дене қызуы көтеріліп жатыр деді. Барып қарасам, бетінің сау жері жоқ, құлағына дейін көгерген, қолы тастай, баламның аузы ашық, көзі ашық, ес түссіз жатыр екен. Олар маған біресе ваннада құлады, біресе талып құлады деді. Қарлығаш «полиция келсе, мені бала күтуші деп айтпа, туысқан тәтем деп айт» деді. Баланы ұрдыңыздар ма деп едім, «жоқ» деді. Баланы өзім ауруханаға апардым, дәрігерлер қабылдап алып, сыртта күтіңіз деді. Көп уақыт өтпей, шамамен жарты сағаттан кейін дәрігер шығып, «иманды болсын, бала көз жұмды» деді. Мен өз құлағыма өзім сенбей, баламды көрсетіңіздер дедім. Әлі де болса баламнан айырылып қалғаныма сене алар емеспін,

дейді ол.

Тергеу барысында баланың бірнеше рет соққыға жығылғаны анықталған.

Бала күтушіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамадық. Бірақ қалалық сот оған қатысты үйқамаққа алуды санкциялады. Аталмыш дерек Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі «Қасақана зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр,

деді Жетісу облысы бойынша ПД ресми өкілі.
Анара Бауыржанқызы 20.09.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

Колонияға дронмен сәлемдеме тастады

21.06.2024
ОқиғаЖемқорлықСпорт

Алматы Спорт басқармасында ақша жымқырылғаны ашылды

06.06.2024
ҚоғамОқиға

Тәжікстанда екі отбасының бірнеше мүшесін бір түнде өлтіріп кетті

04.06.2024
Оқиға

Семей маңында жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

03.06.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?