Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысы тұрғындарымен кездесуінде Талдықорғанда ірі шетел университетінің филиалы пайда болуы мүмкін екенін айтты.
Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін мен Қазақстанда әлемнің жетекші бес техникалық университетінің филиалын ашу туралы бастама көтерген болатынмын. Менің тапсырмам бойынша Үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп Талдықорғанда ірі шетелдік технологиялық университеттің филиалын құру мәселесін пысықтап жатыр
, — деді президент
Тоқаевтың айтуынша, өңірдің ерекшеліктерін ескеріп, университет ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм және цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды дайындайтын болады. Бұл өңірден жастардың кетуін азайтып, жергілікті экономиканы жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.