Талдықорған блогері Сандуғаш Дүйсенова инстраграмдағы “angry_talduk” парақшасында жүргізуші-курьер ретінде жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруды жариялады.
Белгісіз жұмыс беруші курьер немесе жүргізуші ретінде әр шақырым үшін ақы төленетін “әлсіз есірткілерді” тасымалдау және жасырын қою жұмысын ұсынған.
Біраз уақыттан кейін “Бүркіт” арнайы бөлімшесінің жауынгерлерінің қатысуымен Талдықорған тұрғыны ұсталды. Күдікті курьерлер мен есірткі ұстаушыларды іріктеуді ұйымдастырды. Синтетикалық есірткілерді жарнамалаумен және насихаттаумен айналысқан. Ол қылмыстық әрекетін мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тіркелмеген телефон SIM-карталары арқылы жүзеге асырған. Олардың әрқайсысын тек бірнеше рет қолданып отырған.
Күдікті тәулігіне орташа есеппен Қазақстанның барлық аумағы бойынша “курьерлерді”, “тасымалдаушыларды”, түрлі жұмысшыларды, “өлшеп-ораушыларды”, “буып-түюшілерді” жалдау туралы 30-дан 50-ге дейін хабарландыру таратып, күніне 10-ға дейін SIM-картаны іске қосып отырған.
Ұсталған адамның үйін тінту барысында байланыс операторларының мыңға жуық SIM-картасы, үш телефон және компьютер процессоры алынды. Ол SIM-карталарын жақын маңдағы сауда орталықтарындағы ұялы байланыс бөлімшелерінен сатып алып отырғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 299-1-бабымен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) қылмыстықіс қозғалды. Ол бойынша жаза мүлкі тәркіленіп, алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.