Categories: Оқиға

Талдықорғанда әлеужелі арқылы есірткі насихаттаған тұрғын ұсталды

Талдықорған блогері Сандуғаш Дүйсенова инстраграмдағы “angry_talduk” парақшасында жүргізуші-курьер ретінде жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруды жариялады.

Белгісіз жұмыс беруші курьер немесе жүргізуші ретінде әр шақырым үшін ақы төленетін “әлсіз есірткілерді” тасымалдау және жасырын қою жұмысын ұсынған.

Біраз уақыттан кейін “Бүркіт” арнайы бөлімшесінің жауынгерлерінің қатысуымен Талдықорған тұрғыны ұсталды. Күдікті курьерлер мен есірткі ұстаушыларды іріктеуді ұйымдастырды. Синтетикалық есірткілерді жарнамалаумен және насихаттаумен айналысқан. Ол қылмыстық әрекетін мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тіркелмеген телефон SIM-карталары арқылы жүзеге асырған. Олардың әрқайсысын тек бірнеше рет қолданып отырған.

Күдікті тәулігіне орташа есеппен Қазақстанның барлық аумағы бойынша “курьерлерді”, “тасымалдаушыларды”, түрлі жұмысшыларды, “өлшеп-ораушыларды”, “буып-түюшілерді” жалдау туралы 30-дан 50-ге дейін хабарландыру таратып, күніне 10-ға дейін SIM-картаны іске қосып отырған.

Ұсталған адамның үйін тінту барысында байланыс операторларының мыңға жуық SIM-картасы, үш телефон және компьютер процессоры алынды. Ол SIM-карталарын жақын маңдағы сауда орталықтарындағы ұялы байланыс бөлімшелерінен сатып алып отырғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 299-1-бабымен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) қылмыстықіс қозғалды. Ол бойынша жаза мүлкі тәркіленіп, алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago