Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Галерея > Танымал айтыскердің інісі: Ұланғасыр Қами туралы не белгілі
Галерея

Танымал айтыскердің інісі: Ұланғасыр Қами туралы не белгілі

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 01.11.2022
Обновлено 01.11.2022 в 12:11
Поделиться
Поделиться

Бүгінде хитке айналған «Қызыл раушан» әнінің орындаушысы Ұланғасырдың танымал айтыскер Дидар Қамиевтің інісі екенін бірі білсе, бірі білмейді. «Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат берген жас әнші өнер жолының ағасы секілді айтыстан басталғанын сөз етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі «Сіздің де өнердегі алғашқы жолыңыз айтыстан басталған екен. Сахнаға айтыспен шыққан сәттерді еске алайық», — деп сұрайды. Ал жас әнші әлі күнге нотаны білмейтінін айтып, ағынан жарылды.

«Жалпы өнерге қызығушылығымды айтып өтсем, үш жасымда түріктің Таркан деген әншісінің әнін жаттап алып, үйдегілердің бәрін отырғызып қойып, кішігірім концерт қоятынмын. Қазір қарап отырсам, сол кезде қызығушылығым болған екен.

Дидар ағам сол уақыттарда айтысқа қатысып жүретін. Сосын Айдар есімді ағам екеумізді (Дидар Қамиев — ред) айтысқа дайындады. Айтатын нәрсенің бәрін жазып берді. Бір айдай дайындалдық. Бір күн қалғанда Айдар ағам «Айтыспаймын» деді. Дидар ағам оған ашуланды. Бірақ, мен дайын едім. Ертеңіне айтысқа барып, финалдан бір-ақ шықтым. Доскей деген ақынмен өнер көрсеттім. Сөйтсем менде ақындық та бар екен, екінші орын алдым. Сонда оқушылар айтысына бірінші рет шықтым. Ол кезде домбыра да тарта алмаймын. Дидар ағам «Әгигәгім» деген мақам үйреткен болатын. Соны бір айдың ішінде үйреніп алдым. Нотаны әлі күнге дейін білмеймін», — деді Ұланғасыр Қамиев.

Бағдарлама барысында әнші хит әннің қалай дүниеге келгенін айтып берді.

«Қызыл раушанның сөзін өзім жазайын десем, жаза алмаймын.

Дәл сол кезде Шатунов өмірден өткен болатын. Қуантқан деген ағамыз «Мынау бір естелік беретін сияқты. Мәтінге Шатуновты қосыңдар» деп ұсыныс айтыпты.

«Шатунов «Белые розы» деп әндетсе, мен сені қызыл раушанға теңеймін» деген ой келді. Ойымды Дидар ағама айттым. Ол кісі «Мына әнді мен де жаза алмаймын. Бір жазса, Мирас Асан жазады. Оның «Соңғы раушан» деген кітабы бар» деді. Нөмірін берді. Ол кісіге ойымды айтып едім, бір сағатта жазып берді. Ертеңіне «Қызыл раушан» жарыққа шықты.

Қазір әннің жалпы қаралымы – 37 миллион.

Ән шыққаннан соң, ойыма образ келді. Әкемнің де мұрты болған. «Ескі киімдерді киіп, Алматының базарына барып видео түсірейінші» деп ойладым. Әкемнің билеп жүрген видеосы бар. Ескі видеоларды қарасам, ритмсіз-ақ билеген екен. Базарға барып түсіріп, Тик-токқа салсам бір миллион қаралым жинапты. Адамдар неше түрлі пікір жазды. Ауылға барып түсіру туралы ой келді. Оны желіге салсақ, тағы миллион жинады. Одан сайын құмарым ауды. Тағы біреуі — 2 миллион, үшіншісі — 3 миллион жинады. Бейнебаян түсіру үшін ауылдың тобына «Біз клип түсірейін деп жатырмыз» деп жаздық. Бәрі үйдегі ескі заттарын берді. Бір көлікке отырып алып, бәрін жинадық. Youtube желісіне салдық, он миллион қаралым алып келді.

Бейнебаян шыққан соң теріс пікір де жазылды. Бейнебаянда бірінші ақ раушанды лақтырып, қызыл раушанды қолыма алғаныма «Шатуновқа құрметсіздік», «Шатуновтан садаға кет» деп пікір жазды адамдар.

Негізі қолдап, жақсы көретін халық көп. Теріс пікір жазушылардың айтқаны рас болса, трендте болмас еді. Бұл шынайылық, халыққа ұнады», — деді Ұланғасыр Қамиев.

Бағдарлама барысында жүргізуші әншіден «Танымал болып өзгеріп жатырмын деп айтып отырсыз. Танымалдылығыңыз табысыңызға да әсер етіп жатқан шығар», — деп сұрайды. Ал әнші қазіргі таңда табысының аз еместігін жеткізді.

Осыған дейін ақшаға қатты мұқтаж болып келдік. 100 мың теңге біз үшін таптырмас ақша болатын, миллиондай көрінетін. Қазір күнде шүкіршілік айтып жүрміз. Қазір 100 мың теңге ақша емес сияқты көрініп бара жатыр. Сол күнімізді еске түсіріп қоямыз. Иә, табыс келіп жатыр, Аллаға шүкір. Осы күнге дейін қиналып, еңбектенгенімізге Алла беріп жатыр,

деді Ұланғасыр Қамиев.
Анара Бауыржанқызы 01.11.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Галерея

Қырғыз кимешегі ЮНЕСКО мәдени мұраларының тізіміне енді

07.12.2023
Галерея

Сақ стиліндегі жаңа банкноталардың жаңа сериясы таныстырылды

15.11.2023
Галерея

Қазақстандықтар ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды

06.11.2023
ГалереяТарих

Алматы тарихындағы жапон тұтқындарының қолтаңбасы

23.10.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?