Бұл туралы әнші «Ұйқым келмейді» бағдарламасында айтып берген.
Ел ішінде «Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын» әнімен танылған әнші Абай Бегей үйінде ит ұстайтынын айтып, оған тіпті 300 мың теңгеге үйшік салғанын сөз етті.
Негізі баламның иті ғой, төбет алғанбыз. Әлі кішкентай күшік. Оның атын балам өзі қойды. Соған үйшікті 300 мың теңгеге салдық. Қазір құрылыс заттары қымбат қой, 250 мың теңге құрылыс заттарына кеткен шығар.
Сегізінші сынып оқып жүргенде Қарақұлақ деген итім бар еді. Соған мал дәрігері келіп у беріп кетіп, өліп қалды. Бір апта жылағанмын. Негізі итті жақсы көремін. Содан бері ит асырамай кетіп едім,
деді Абай Бегей.