Танзанияда 43 адам отырған жолаушылар ұшағы көлге құлады.
Жергілікті полиция таратқан мәліметке сәйкес, Танзанияның солтүстік-батысындағы Букоба қаласының әуежайына қонуға бағыт алған ұшақ Виктория көліне құлаған. Апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған деп хабарланды.
Ұшақ бортында 43 адам болған, олардың кем дегенде 19-ы қайтыс болды.
Жергілікті балықшылар ұшақ суға құлағаннан кейін оған қарай жүзіп барып, стюард ашқан артқы есік арқылы кейбір жолаушыны сыртқа шығара алғандарын айтады.
Төтенше жағдай қызметкерлері ұшақты жағаға сүйреп шығарды. Ұшақ суға құлаған бетте бірден толығымен суға батып кеткен. Көл бетінде ұшақтың бір бөлігі ғана көрінді.
Precision Air – Танзаниядағы ең ірі жеке авиакомпания, ол ішкі және аймақтық рейстерді жүзеге асырады.
 
					 
		 
		 
		 
		 
		 
						
