Фото: azattyq-ruhy.kz
Бұл сұмдық жаңалықты арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, мәлімдеме жасаған авдокат Сержан Пралиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
2022 жылдың тамызында Ұлттық қауіпсіз комитеті Шекара қызметіне қарасты Тараз қаласындағы «Шөлдала» шекара бөлімінде борышын өтеп жүрген 2004 жылғы Бекбол Мираш асылып тұрған жерінен табылған болатын. Жігіттің жақындарының мүддесін қорғап жүрген адвокат Сержан Пралиев журналистерге осы іске қатысты адам сенгісіз фактілерді мәлімдеп отыр.
Мен бұл мәлімдемені жасауға мәжбүр болып отырмын. Өйткені тергеуге қысым бар және тергеу көп нәрсені байқағысы келмейді. Сондықтан бұл мәселеге қоғамның назарын аудартпасақ болмайды. Тергеу көзге анық көрініп тұрған фактілерді назарға алмай, әскерге келген жігіттің өліміне нағыз кінәлілерді тексергісі келмейді.
Әуел баста шекарашылар Мираш қызымен ұрысып асылып өлді деген нұсқаны алға тартты. Алайда, бұл нұсқа расталған жоқ, өйткені оның жүріп жүрген қызы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сұхбат беріп, онымен ұрсыспағанын айтты. Содан кейін, шекара бөліміндегі өзге әскерлер бірінен кейін бірі тергеуге жауап беріп, алдымен осы нұсқаны алға тартты, кейін келісімшарт қызметіндегі бөлім командирі Айбек Нұртаев оны ұрып-соққанын, қорлағанын айтқан. Осылайша, 2022 жылдың 24 тамызында ол ұсталып, «лауазымын асыра пайдаланғаны» үшін сотқа дейінгі тергеу басталды,
дейді адвокат.
Осылайша, істе шикілік барын білген марқұмның адвокаты мен жақындарының арызы бойынша бірқатар сараптама тағайындалған.
Оның қорытындысы мені, яғни жігіттің адвокатын ғана емес, бүкіл адамды есінен тандыра жаздады: биологиялық сараптама жігіттің ауыз бөлігі мен іш киімінен, футболкасынан екі және одан да көп ер адамға тиесілі шәует (сперма) ізі табылғанын анықтады,
дейді адвокат.
Осы мәлімдемеден кейін әлеуметтік желіде Мираштың банк қосымшасынан алынған үзінді тарады: суретте көрініп тұрғандай, оның денесін тауып алған әскерде бірге қызмет еткен жігіт 2 тамыз күні өлген жігітке «минет жасап бергеніңе рақмет» деген жазумен 5000 теңге аударған.
Тергеу осы деректі назарға алмай, істі «лауазымын асыра пайдаланған» деген баппен жалғастырмақшы. Бірақ Мираштың өлімін «сексуалды сипаттағы зорлық әрекеті» деген бапқа ауыстыру керек,
дейді адвокат.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірге бұл іске қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…