Бүтін спорт командалары қаза тапқан ұшақ апаттары

Бүгін тарихқа үңіліп, әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүрген танымал спорт командаларының өмірін қиған ұшақ апаттары туралы жазамыз.

27 сәуір 1993 жыл. Либерия, Замбия футбол құрамасы.

Ұшақ 1994 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысу үшін Сенегалға бара жатқан. Браззавильге алғашқы аялдамасын жасаған ұшақтың сол жақ қозғалтқышында ақаулар анықталады. Алайда капитан ұшақты тоқтатпаған. Екінші рет Либревильге тоқтағанда да барлығы сәтті болған. Бірақ әуеге көтерілу кезінде ақауы бар мотор бірден отқа оранады. Қорқынышқа бой алдырған пилот екінші қозғалтшықты өшірген кезде ұшақ теңізге құлаған. Бортта болған 30 жолаушының барлығы оқиға орнында көз жұмды.

18 қараша 1948 жыл. Ла-Манш, Чехословакияның хоккей құрамасы.

1947-1949 жылдар аралығында Еуропадағы ең мықты команда Әлем чемпионатында екі алтын медальді еншісіне байлаған. Бір ұпай айырмасымен Канададан жеңіліп, нәтижесінде екінші орынға ие болған.

Чехословакия құрамасының жетекші алты ойыншысы Ұлыбритания астанасына жолдастық кездесуге ұшып бара жатқанда, олардың ұшағы белгісіз себептермен Ла-Манш арнасына құлайды. Қайғылы оқиғада барлығы қаза тапты.

Теңізге құлаған ұшақ та, оның қалдықтары да табылмады. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, спортшылар социалистік лагерьден Батысқа қашу үшін ұшақты ұрлап кеткен деседі. Алайда бұл ақпарат расталмады.

4 мамыр 1949 жыл. Турин, «Торино» футбол клубы.

Апенниннің 18 мықты ойыншысы португалиялық «Бенфикамен» кездесу өткізіп, қайтып бара жатқан. Олармен бірге бортта команданың көшбасшысы  Валентино Маццола, клуб басшылары мен итальяндық газеттің үш білікті тілшісі болған.

Ұшақ жанармай құю үшін Барселонаға қонған. Жергілікті баспасөз жазғандай, команда әуежайда қарсыластары Миландық ойыншылармен кездеседі. Олар Реалмен кездесуге бара жатқан екен. Соңғы рет футболшыларды көрген солар еді.

Сол күні кешке Турин қаласын қалың тұман басқан. Пилот қонуға бет алған сәтте ешнәрсе көрінбеген. Ол өзінің ішкі түйсігіне сүйеніп қонуға бағыт алады. Алайда ұшақтың қанаты Суперга базиликасының қоршауына барып соғылған. Ұшқыш басқара алмай, үлкен жылдамдықпен жерге құлаған ұшақтағы барлық жолаушы қаза тапты.

6 ақпан 1958 жыл. Мюнхен, Манчестер Юнайтед ойыншылары.

Мэтт Басбидің жас футболшылары сол кезде Англияның ең беделді командасы еді. МЮ командасы тығыз кестеге байланысты жиі ұшақты пайдаланған. Ол кезде ұшақтардың сапасы сын көтермегені жасырын емес.

Спортшылар «Црвена Звездаға» қарсы чемпиондар кубогының ширек финалдық кездесуіне қатысу өліммен аяқталды. Футболшылар Белградта тең нәтиже көрсетіп, жартылай финалға жолдама алады. Елге қайтып келе жатқанда Мюнхенге аялдама жасайды.

Әуеге көтерілер сәтте қиындықтар туындаған. Ұшу-қону жолағы қарға толып кеткендіктен, ұшақ қажетті жылдамдыққа жете алмайды. Салдарынан ұшақ қоршаудан шығып, сол маңдағы үйге соқылған. Бортта 40 жолаушы болған. Оның 19-ы қаза тапты. Оның ішінде «Манчестер Юнайтед» командасының жеті ойыншысы және үш жаттықтырушысы болды.

3 сәуір 1961 жыл. Линарес, Чилидің «Грин Кросс» футбол командасы.

Douglas DC-3 жолаушылар рейсі сол күні Темукодан Сантьягоға бағыт алады. Футболшылар мен бапкерлер осы ұшақта болған. Ұшақ 2900 метр биіктікке көтерілген, 19:45-те экипаж Сантьягодағы әуе қозғалысын басқару орталығынан төмен түсуге рұқсат сұрайды, өйткені ұшақты қатты мұз басып қалған. Пилоттың өтініші ескерілмеген, себебі қарсы бағытта басқа ұшақ байқалады.

Экипаж Курикодан 23.57-де өтеміз деп сеніп, сол биіктікте қалады. Көп ұзамай диспетчер 210-рейске 45-дәліз бойынша қайтып оралуға және 2000 м-ге түскеннен кейін осы биіктікте Курикодан өтуге, содан кейін ұшуды жалғастыруға рұқсат берді. Хабарламаны экипаж мүшелері қабылдай алмаған. Себебі ұшақпен байланыс үзіліп кетеді. Бірнеше сағаттан соң «Дуглас» радардан жоғалып кеткен.

Тек бір аптадан кейін, 10 сәуірде Линарестен оңтүстік-шығысқа қарай 44 шақырым жерде ұшақтың құлаған орны табылды. Ресми деректерге сәйкес, Невадо-де-Лонгави жанартауының беткейлерінің бірінде шамамен 3500 метр биіктікте ұшақ тауға барып соғылып, опырылып жерге құлаған. Қалдықтары 14 метр биіктіктен домалап кеткен. Борттағы 24 адамның барлығы қаза тапты. Оқиға орнынан табылған сағаттардың бірі 19.45-те тоқтап қалыпты.

11 тамыз 1979 жыл. Ташкент. «Пахтакор» футбол командасы.

Кеңестік авиация мен футбол тарихындағы ең ауыр апат Днепродзержинск аспанында болды. Екі жолаушы ұшағы соқтығысып, 178 адам қаза тапты. Ұшақтардың бірінде «Пахтакор» футбол клубының 14 ойыншысы, жаттықтырушы, дәргер мен администратор болған. Олар «Динамо» командасымен ойын өткізуге Минске жолға шыққан еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago