Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындар аптап ыстыққа байланысты тасаттық рәсімін жасады.
Себебі қатты ыстықтан Павлодар және Петропавл қаласының тұрғындары биыл қуаңшылық болуы мүмкін деп алаңдап отыр.
Аталған рәсім Солтүстіктегі бірнеше қала мен елді мекендерде өткізілген. Жиналған қауым шариғат талабына сай құрбан шалып, тасаттық намазын оқып, аспаннан жаңбыр тілейді.
Петропавл қаласындағы мешіттің діни қызметкерлері тасаттықты әдейі көктемгі егістік науқаны аяқталғаннан кейін ұйымдастырған екен, әрі осы рәсім арқылы халық үшін берекелі жыл болуын тілеген.
Бір қызығы кеше Петропавлда қатты жаңбыр жауып, желдің салдарынан ағаштар құлаған.