Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2030 жылға қарай Ташкент әлемнің өмір сүруге ыңғайлы елу қаласы қатарына қосуды көздейтін жарлыққа қол қойды. Бұл туралы gazeta.uz хабарлады.
Құжатқа сәйкес, Өзбекстан астанасы жеті жылдың ішінде «ауасы таза мегаполиске» айналуы тиіс. Ол үшін билік Ташкентте қосымша 4100 гектар жасыл аймақ құруды көздеп отыр.
Бұған қоса Мирзияев 2030 жылға қарай Ташкентті «коммуналдық қызметінде мәселе болмайтын аймаққа» айналдырғысы келеді. Ол үшін билік инженерлі-коммуникациялық желілерді жетілдіріп, жол инфрақұрылымын «адамдар қозғалысына қолайлы» етуді жоспарлаған.
Ташкентті өмір сүруге ыңғайлы қалаға айналдыру жөнінде Мирзияев президент сайлауы қарсаңында да мәлімдеген. ОСК мәліметінше, Мирзияев 10 маусымдағы сайлауда 87 пайыз дауыс жинаған.
Халықаралық бақылаушылар саяси науқанға «қазіргі президентке оппозиция қатыса алмағанын» атап өткен.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…