Categories: Саясат

Тасмағамбетовтен қайыр жоқ, ол Назарбаевтың көп сарбазының бірі – Дос Көшім

Белгілі саясаткер Дос Көшім халықтың басым бөлігі Иманғали Тасмағамбетовты әділетті қоғам құрудың басшысы ретінде санайтынына таңқалатынын айтты, деп хабарлайды Mezgil.kz.

Саясаткердің сөзінше, қазір жүйеге қарсы шығушылар, яғни Назарбаев дәуірін сынаушылардың әрекеті көбіне «кек алуға» ұқсас келеді.

Оның ұлттық мәдениетке, ұлттық тарихқа көзқарасы өте жақсы. Сол бағытта жұмыс істеп жүрген азаматтарға көмегін береді. Алматыда да қолынан келген көмеген аямады. Ол жағынан рақметімді айтамын. Алайда Тасмағамбетов — біз өзгерткіміз келетін жүйенің солдатының бірі. Егер біз әділетті қоғам құрамыз десек, бұрынғы Назарбаевтың қасында жүріп, соның дастарханынан тамақ ішкендерден үміт күтпей-ақ қояйықшы. Осыны халық білуі керек,

деді саясаткер.

Дос Көшімнің пайымдауынша, Иманғали Тасмағамбетовтың ҰҚШҰ-ға Бас хатшы болып баруы, оның саяси салмағын арттырған жоқ, керісінше азайтқан.

«ҰҚШҰ-ның құрылуының жалғыз мақсаты — сыртқы жаудан бірге қорғану. Бірақ президент ұйымды халықтың ішкі революциясына қарсы қолданды. Тоқаевтың ең үлкен геосаяси қателігі осы. Енді Арменияда халық көтірлесе де, Ресейдің ішінде халық билікке қарсы шықса да ҰҚШҰ-ны апарып салады. ҰҚШҰ-ны өз билігіне қарсы шыққан халыққа қолданатын болды.

Ал соның бастығы қазақ болып отыр. Менің неге жаным күймейді? Бармауы керек еді. ҰҚШҰ өте қатерлі «мина алаңы». Ол жерде бәрін Путин басқарады. Бұл соның қолбаласына айналса, күшінен тағы да айырылады,

деді ол.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago