Фото: ашық дереккөзден
Маңғыстаудағы Ыбықты сайына қашап жазу жазып, кейін кешірім сұраған Ақтөбе қалалық зағиптар үйінің директоры Манат Көшербаев өз еркімен жұмыстан кетті, деп хабарлайды КТК телеарнасы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжайна Бисенғалиеваның айтуынша, қалалық зағиптар үйінің директоры Манас Көшербаев қызметінен кетті.
Манас Көшербаев қалаға келген соң кеше шақыртып алдық. Ол сол кезде өз еркімен жұмыстан шығатынын айтып, арыз жазды. Әкімшілік жазаны полиция қолданады. Ал жұмыстан шыққан адамға тәртіптік жаза қарастырылмады,
деді Гүлжайна Бисенғалиева.
Еңбек демалысына Маңғыстауға барған әнші, Ақтөбе қалалық зағиптар үйінің директоры Манас Көшербаев борлы тауға қашап жазды. Кейін «Ақнәзік» деп жазылғаны көрсетілді. Көп ұзамай Манас Көшербаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, көпшіліктен кешірім сұраған.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…