Categories: Экономика

Теңге бағамын болжауға болмайды

Американдық Silicon Valley Bank банкіндегі күрделі мәселелерімен қатар теңгенің долларға қатысты құлдырауы біраз қорқыныштар тудырды: бұл 2009 жылғы құлдырау секілді терең дағдарыстың басы болса ше?

Экономист Эльдар Шамсутдинов өзінің телеграм-арнасында дүрбелеңге түспеуге шақырып, жағдайды сараптады.

Сөзбе-сөз:

Бұл біздің дағдарыс емес

Теңгенің құнсыздануы және АҚШ пен Еуропадағы банктердегі прецеденттер өздеріне назар аудартып, алаңдаушылық туғызуда. Ұлттық банк үнсіз қалмай, қысқаша түсініктеме бергені өте дұрыс болды, банктер профицитте, валюта құбылмалы, бірақ алыпсатарлыққа, құлдырауға жол берілмейді.

Соңғы аптада мен дамыған нарықтың дағдарысы – бұл біздің дағдарыс емес, географияға байланысты біз үлкен нарықтардан алыспыз және тек ауқымды өзгерістер ғана бізге жете алады деп бірнеше рет айтқан болатынмын.

Америка Құрама Штаттарының үкіметі мен президенті барлық депозиттерді толық сақтандыру туралы маңызды мәлімдемелер жасады. Бұл біраз тыныштандырды. Мұндай әрекеттердің экономикалық салдарын 3-5 жылдан кейін көреміз. Credit Suisse-ке қатысты әңгіме басқаша, бұл банк ұзақ уақыттан бері беделі түсіп, қоқыс орнына теңеліп жүр, себебі банк басшылығы коммерциямен айналыспай, ерігіп бос жүретін көрінеді. Банк ұзақ уақыт бойы депозиттерден айырылып келеді және оларды қайтару үшін ештеңе істемейді. Тек жарнама және қайырымдылықпен айналысты. Бірақ тіпті трансгендерлік банк құтқарылады, Швейцария үкіметі мұны жасамауға тырысты, бірақ бірнеше елдер банкті көмектесуге шақырды және Швейцария олардан бас тарта алмады, нәтижесінде банкке ақша беріледі.

Біз үшін бизнестің тек бизнестен басқа бәрі іспен айналысуы сирек кездесетін жағдай, бірақ дамыған елдерде бұл жүйе жақсы жарнамасы бар ірі және бос компаниялардың болуын қолдайды. Олардың қаражаты өте көп және бұл ақшаның жоғалуы елеулі қатерлерге әкелмейді.

Бір жыл бұрын доллар 530 теңге болған

Бізде басқаша. Қазақстанның қаржы секторы профицитте болғанымен, ақша көп, және олар қымбат емес. Реттеу жоғары деңгейге қойылған, кейде тіпті шектен тыс шығып кетіп, банкирлерді уайымдатады. Дюрация мен баға тәуекелі жүйелі емес бірнеше банкте ғана болуы мүмкін. Иә, бізде ұзақ мерзімді және қымбат емес МҚҚ-ға инвестиция салған банктер бар, бірақ рубль>теңге>доллар деген айырбастау операцияларының арқасында маңызды шығындар өтелді. Валюта бағамына келетін болсақ, бір жыл бұрын доллар 530 теңге болғанын, және ресми айырбастаудан басқа биржадан тыс айырбастау болғанын, ал қолма-қол долларлар OLX-те сатылғанын еске салғым келеді. Теңге бағамы құбылмалы және орталық банктің негізгі ережесіне бағынады: болжанбайтын айырбас бағамы және болжамды мөлшерлеме. Бағам болжамды болған сәтте-ақ, онымен алыпсатарлар ойнай бастайды, ал әлемде өз валютасын жаппай шабуылдан қорғай алатын елдер көп емес. Теңгеге бірқатар макроэкономикалық факторлар әсер етеді: мұнай бағасы, инфляция, көршілес елдердің валюта бағамы және т.б. Бірақ бұл тікелей корреляция жасап, мұнайдың құны мен бюджеттегі есептік мөлшерлемеге сүйене отырып, теңге бағамын болжауға болады деген сөз емес. Бағам болжанбайды және солай болуы тиіс».

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 часа ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago