Categories: Саясат

Саясат емес: Қазақстан Роскосмостың мүлкіне шектеу қойды

Қарыз дауы маңызды «Байқоңыр» ғарыш айлағының жұмысына әсер етіп, көптеген саяси қауіп-қатерлерді ушықтыруда.

Қазақстан билігі жалғасып жатқан қарыз дауына байланысты «Байқоңыр» ғарыш айлағының бас операторының мүлкін бұғаттады. Еуразиядағы шиеленісті геосаяси жағдайды ескере отырып, Ресей мен Қазақстан арасында болуы мүмкін кез-келген келіспеушіліктерге баса назар аударылып отыр.

7 наурызда отандық БАҚ Қазақстан Республикасының Сот приставының қызметі ресейлік «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының еншілес кәсіпорны ЖҒИНПО (Жердегі ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығы) мүлкін бұғаттап, компания басшысына Қазақстанға кіруге тыйым салғанын хабарлады.

ЖҒИНПО-ның «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны АҚ алдында 13,5 миллиард теңге (2 миллиард рубль немесе шамамен 29 миллион доллар) қарызы бар екені хабарланды. «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы (АХҚО) арбитражды сот өткен жылы «Бәйтеректің» пайдасына үкім шығарды, ал 2022 жылдың қарашасында – мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешім шығарған. ЖҒИНПО-на қаңтардың соңында хабарланған, бірақ қарызды сол күйі төлемеген көрінеді, нәтижесінде активтер мен мүлікті Қазақстаннан әкету бұғатталып, мүлкіне шектеу қойылған.

Қазақстанның Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтып, шектеу тұтас «Байқоңыр» ғарыш айлағына емес, тек ЖҒИНПО-на қатысты екенін айтты.

«Байқоңырдың» бүгінгі мәртебесі

Қазақстандағы Байқоныр ғарыш айлағы – әлемдегі ең маңызды ғарыш айлақтарының бірі. Іргесі 1955 жылы қаланған. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ресей бұл нысанды Қазақстаннан жалға алған. 2005 жылы Ресей мен Қазақстан жалға алу мерзімін 2050 жылға дейін жылына 115 миллион долларға және техникалық қызмет көрсету үшін жылына қосымша 50 миллион долларға ұзартуға келісті.

2011 жылы Америка Құрама Штаттары өзінің ғарыштық кемелер бағдарламасын жүзеге асырған кезде, Ресейдің «Союз» зымыраны мен «Байқоңыр» ғарыш айлағы Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) басқарылатын миссияларды жіберудің жалғыз құралы болды.

Ресей физикалық тұрғыда басқа елде орналасқан «Байқоңырды» пайдаланудың күрделілігі мен тәуекелдерін ескере отырып, оның орнын басатын нысан құруға тырысты, бірақ оның Қиыр Шығыста салынып жатқан «Восточный» ғарыш айлағы қиындықтарға тап болды.

2016 жылы Ресей президенті Владимир Путин «Восточныйда» алғашқы зымыранның ұшырылуына қатысты. Сынақ түріндегі ұшулар жалғасып жатқанымен, ол әлі де құрылыс кезеңінде тұр және қаржылық жанжалға толы.

Қаржылық дау

Жергілікті есепке сәйкес, «Бәйтерек» АҚ мен ЖҒИНПО арасындағы дау «ресейлік компания бірлескен кәсіпорыннан алған «Бәйтерек» кешенінің жобасын әзірлеуге арналған келісімшарт талаптарының орындалмауымен байланысты». «Союз-5» зымыранының қоршаған ортаға әсерін бағалау жүргізілуі керек еді, бірақ ЖҒИНПО оны аяқтамаған көрінеді.

«Бәйтерек» АҚ іс жүзінде жүргізілмеген бағалауға кеткен шығындарды өндіруді талап етті. «Бәйтерек» 2005 жылы құрылды және «Байқоңырда» қолданылатын «Протон» зымырандарына қарағанда экологиялық таза деп саналатын зымырандарға көшуді көздеген. Жаңа зымырандар үшін жаңа ұшыру алаңы салынуы керек еді, бірақ өткен жазда Қазақстан билігі оны бір жылға кейінгі қалдырды.

2022 жылдың тамызында Мусин Роскосмостың бас директоры Юрий Борисовпен кездесті, одан кейін «Бәйтерек жобасы» – «Союз-5» ғарыш кемесінің алғашқы сынақ түрінде ұшуы 2024 жылға ауыстырылатыны белгілі болды. Кешіктірілуде. Мусин мұны «дипломатиялық қателік» деп атады.

Түсініксіз болса да, бұған байланысты тағы бір мәселе– Украинадағы соғысқа қатысты және оған дейінгі санкциялардың – Ресейге және  осы секілді бірлескен жобаларға әсері болып табылады. 2022 жылы Роскосмостың сол кездегі бас директоры Дмитрий Рогозин ХҒС бойынша ынтымақтастықты қысқартамыз деп қорқытты. Оның асыра қоқан-лоққыларын былай қойғанда, ештеңе тоқтатылған жоқ. Ауқымды санкциялар Ресейдің ғарыш саласына, және «Байқоңыр» мен Қазақстанға да жанама түрде қысым түсіргені сөзсіз. Бұл қазақстандық БАҚ-тың Астананың өзінің коммерциялық ұшулары үшін ресейлік зымырандарды пайдалануды жалғастыру мүмкіндігіне алаңдауынан анық көрінуі мүмкін.

Авторы: Кэтрин Путц – The Diplomat бас редакторы

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

11 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

13 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago