Қазақстандық актер Жандос Айбасов бір жыл бұрын заңды түрде ажырасып кеткенін айтты. Өнер иесі бұл шешімнің оңайға соқпағанын режиссер Қанат Бейсекеевке берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Заңды түрде ажырасқанымызға бір жыл болды. Бұл өте қиын шешім болды. Мүлде бөлек адам екеніңді түсінесің. Бір-біріңе деген сенімнің жоғалғанын, ол адамға бір нәрсе айтқанда, саған сенбейтінін түсінесің. Бір үйде бірге тұрасың, бірақ үйдің атмосферасы ұнамайды,
деді актер сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Жандос Айбасов 2020 жылы Марина есімді фотограф қызға үйленген болатын. Жұптың бір баласы бар.