Түркияның Кахраманмараш провинциясында жойқын жер сілкінісінен кейін 248-ші сағатта 17 жасар қыз құтқарылды. Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары 11-ші күн жалғасып жатыр.
Ölmez – өлмес рух
«Анадолу» түрік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Алейна Өлмез есімді қызды Кахраманмараш қаласының Каябашы кварталындағы тұрғын үй ғимаратының астынан тапқан. Дәрігерлердің алғашқы көмегінен кейін ол ауруханаға жеткізілді.
Қызды құтқаруға қатысқан Сакариядан келген құтқарушылардың бірі Хаджер Атлас «Анадолуға» берген сұхбатында, команда мүшелері Алейнаға ұзақ және ауыр жұмыстан кейін жете алғанын айтты.
Біз қызбен үнемі байланыста болдық. Қолынан ұстап тұрдық, содан кейін оны толығымен шақыра алдық. Жағдайы жақсы, сөйлесе алады. Апат аймағынан осыған ұқсас жаңалықтар көп болады деп үміттенемін,
деді Атлас.
Қыздың «Ölmez» тегі түрік тілінен «өлмес» деп аударылатыны да ерекше назар аудартады.
Қызды қабылдап алған дәрігерлер оның маңызды мүшелері зардап шекпегенін айтты.
Адам сенгісіз жағдай. 248 сағат, яғни он бір күннен кейін келді. Дене мүшелері, бүйрегі сияқты мүшелерінің өзгеріске ұшырамай бізге келуі қатты таңғалдырды. Денсаулығы да өте жақсы. Алғаш келген кезде «қалайсың» деп сұрағанымда, бірден «жақсымын» деп жауап берді. Әрине, уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Өте жақсы қазір,
деді дәрігер.
Журналистердің «Не ішіп-жедіңіз?» деген сұрағына Алейна «Жанымда ештеңе болмады, өз-өзіммен уақыт өткізуге тырыстым» деп жауап берген.

Жас ағза
Адам сусыз және тамақсыз қалай ұзақ өмір сүре алады? Оның үстіне, қазір Түркияда ауа райы жаз емес. Дәрігерлер мұндайда не көмек болғанына болжам жасады.
Кардиолог Назар Мамиевтің айтуынша, мұндай жағдайда адамның өмір сүруіне көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ ең бастысы, аз да болса қозғалу мүмкіндігі.
Сусыз адам 8-10 күн өмір сүре алады деген пікір бар. Бұл жерде көп нәрсе шын мәнінде, май тінінің көптігіне байланысты. Майларды бөлу процесі — көп су мен энергияны қамтамасыз етеді. Яғни, адамның майлы тіндері неғұрлым көп болса, соғұрлым оның өмір сүру мүмкіндігі артады,
дейді Мамиев.
Маманның айтуынша, тамақ пен судан да маңыздырақ адам осы уақыт бойы бір орында тұруға немесе жатуға мәжбүр болған жерінде екен. Яғни, бойжеткеннің осы 10 күн ішінде қаншалықты қозғала алғаны маңызды.
Ұзақ уақытқа созылған қысым және оттегінің жетіспеушілігімен өмір сүру мүмкіндігі азаяды. 2019 жылы Гаитидегі жер сілкінісі кезінде БҰҰ миссиясының қызметкері үйінді астында 5 күн тамақсыз және сусыз аман қалған. Бірақ ол үстелдің астында болғанының арқасында қозғалуға мүмкіндігі болған. Сондай-ақ, 17 жаста ағза жас, созылмалы аурулары жоқ екенін ескеру керек. Бұл үлкен артықшылық. Өйткені, ұзақ мерзімді қозғалыссыздық, басқалармен қатар, созылмалы аурулары бар адамдар үшін тромбозды тудырады,
дейді ол.
Сондықтан аман қалуға болады, бірақ бұл жағдайды бәрібір ғажайып деп қарау керек.
Дәрігер-оториноларинголог Валерия Голубова да әріптесінің сөзін құптап, 10 күн сусыз-тамақсыз өмір сүру ғажайыпқа тең дейді.
Бұл оқиға шынымен де ғажап, бірақ бұл алғаш рет болып тұрған жағдай емес. Адам ағзасы сусыз 7 күнге дейін оңай өмір сүре алады деп есептеледі. 18 күн сусыз, тамақсыз өмір сүрген 18 жастағы аустриялық жігіттің рекорды белгілі. Бұл жерде қыздың аман қалуына не көмектесті, егжей-тегжейлі білмей айту қиын. Мәселе жас ағзаның ең жақсы бейімделу қабілетінде болуы мүмкін. Кітаптарда 20-25 жасқа дейінгі жастардың экстремалды жағдайда ұзақ уақыт қалуы мүмкін екендігі туралы деректер бар,
дейді дәрігер.
Сондай-ақ медитациялық тәжірибе адамдарға қиын жағдайлардан аман қалуға көмектескен кездер болған. Мысалы, бірнеше жыл бұрын Таиландтаға 12 жасөспірім бапкерімен бірге 14 күн үңгірде қалып кеткен еді. Кейінірек БАҚ жазғандай, жаттықтырушы жігіттерді медитацияға үйретті, бұл басқа нәрселермен қатар оларға ұзақ уақыт күтуге көмектескен.
