Categories: Денсаулық

«Тегін емделу үшін айлап күтеді»: Аймағамбетов МӘМС мәселесін көтерді

Мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов, премьер-министр Әлихан Смайыловқа МӘМС жүйесі арқылы қаралғысы келетін қарапайым халық бірнеше айлап кезек күтуге мәжбүр екенін алға тартып, депутаттық сауал жолдады.

Қазір азаматтар аурухана барып, тексерістен тегін өтемін десе, онда бір ай немесе үш ай күту керек. Ал егер сол адамдар сол тексерістен ақылы өтемін десе, дәл сол уақытта немесе үш минутта өтуіне болады. Сондықтан еріксізден ақылы қызметті алуға мәжбүр болады. Онда біз не үшін ай сайын өзіміздің жалақымыздан төлейміз дейді. Бұл негізінен жасанды проблема. Өйткені, енгізілген қаржыландыру жүйесіне де байланысты болып тұр,

дейді Аймағамбетов.

Депутат бұл мәселені шешу үшін МӘМС жүйесі арқылы ұсынылатын қызметтердің ақысы факт бойынша бөлінуі керек дейді. 

Қазір емханалар іс жүзінде ай сайын квота арқылы қаражат алады. Мысалы, бір айға КТ жасауға он квота, МРТ жасауға бес квота беріледі. Ал, егер науқастар саны бұдан көп болса, онда дәрігер науқасты келесі айға жазуға мәжбүр. Осыны ескерсек, ай сайынғы қаржыландырудан бас тарту керек. Көрсетілген қызметтердің ақысы факт бойынша төленуі керек. Науқастарға медициналық ұйымды таңдауда еркіндік беріп, түсініспеушілік болмау үшін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен мед сақтандыру пакетін нақтылауды ұсынамын,

деді Аймағамбетов.

Депутат сонымен қатар қазір дәрігерлердің көбі науқасты қараудың орнына компьютер «шұқылап» отыруға мәжбүр екенін айтып, Үкімет басшысына бұл проблеманы шешудің де жолын ұсынды.

Екінші, ақпараттық жүйелер арасындағы алшақтық пен дәрігерлердің артық жүктемесі бойынша бүгінгі таңда дәрігерлер науқастарды тексерудің орнына, компьютерлерге телміріп, деректерді түрлі ақпараттық жүйеге енгізуге мәжбүр болғандықтан, науқастарды қарауға уақыттары да жоқ. Бір науқасты тексеруге берілетін стандартты уақыт компьютер толтыруға кетіп отыр. Сондықтан, барлық құжаттаманы толтыруды медбикелерге тапсырып, штат санын арттыру арқылы дәрігерлердің жүктемесін азайту керек және бірыңғай ақпараттық жүйені іске қосу бойынша жүріп жатқан жұмысты шұғыл аяқтау керек,

деді Премьер-министрге медициналық қызметтердің сапасына қатысты депсауал жолдаған Аймағамбетов.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago