Әлеуметтік желілер қазақшаланып жатыр. Оның бір көрсеткіші ең танымал Telegram әлеуметтік желісі.
Бұл туралы ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі хабарлады.
Telegram-ға iOS және Android арқылы немесе web нұсқасына кірсеңіз, қазақ тілі ресми түрде енгізілгенін көресіз. Айта кету керек, кеше ғана Сенат бекіткен «Онлайн платформа және онлайн жарнама» туралы заң жобасында да дәл осы мәселе қарастырылған.
Заңнама қабылданса, енді әлемдік әлеуметтік желілер интерфейстері мен мәзірлерін қазақшалауы керек.
Бұл мәселені халықаралық компаниялардың өкілдерімен кездесулерде де көтеріп жүргенін айтқан министр жаhандық желілер қазақша сөйлейтін күн алыс емес екеніне сенім білдірді.