22 ақпан Теміртауда «Ана мен бала» көпсалалы орталығында салмағы 5055 грамм батыр бала дүниеге келді.
Баланың бойы — 57 сантимер. Ол — әйелдің төртінші баласы.
Қазіргі уақытта анасы мен баласы дәрігерлердің бақылауында «ана мен бала» палатасында. Жағдайлары қалыпты. Акушерлікте үлкен салмақты балалардың туылуы жиі кездеседі, яғни бұл 4000 г-нан асатын балалар, олар үлкен болып саналады. Ал салмағы 5000 грамнан асатын сәбилер алып балалар тобына жатады,
делінген хабарламада.