Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Қытайда кездесіп, келіссөз нәтижесінде екі елдің делегация мүшелері бірнеше құжаттарға қол қойды.
Қазақстан мен Қытай арасында бес басты құжатқа қол қойылды.
1. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Қытай Халық Республикасы даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы экономикалық даму саласындағы алмасу және ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
2. Қазақстан үкіметі мен Қытай Халық Республикасы үкіметі арасындағы транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай-Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісім;
3. Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасы даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы «Тачэн-Аягөз» теміржолын салу жобасы бойынша ынтымақтастықты бірлесіп дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
4. Қазақстан үкіметі мен Қытай Халық Республикасы үкіметі арасындағы транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісім;
5. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына рапсты экспорттау кезіндегі фитосанитариялық талаптар туралы хаттама.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…