Теракт жасауға дайындалған астаналық тұрғын 15 жылға сотталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Оған қатысты сот шешімін Астана Сарыарқа аудандық соты шығарды.
Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар, терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау деректері бойынша кінәсін дәлелдеді,
делінген хабарламада.