Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Шетел басылымына шолу > «Террор және қатыгездік» Ресейдің жасаған шабуылына Батыс елдерінің көзқарасы. 11 қазан
Шетел басылымына шолу

«Террор және қатыгездік» Ресейдің жасаған шабуылына Батыс елдерінің көзқарасы. 11 қазан

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 11.10.2022
Обновлено 11.10.2022 в 11:10
Поделиться
Поделиться

Шетелдік БАҚ не деп жазады?

Мазмұны
Украина.10 қазан Ұлыбритания НАТО басшыларының шұғыл кездесуін талап етпекАҚШ Украинаға әуе қорғанысын күшейтетін қару беретін болдыЕҚЫҰ Украинадағы жаппай атқылауды айыптады

Украина.10 қазан

Батыс елдері Ресейдің Украина қалаларын жаппай зымыранмен атқылауын лаңкестік және қатыгездік деп бағалады. 5 сағат 37 минутқа созылған шабуылдан кемінде 14 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды BBC агенттігі.

Теңізден, әуеден, құрлықтан орта және алыс қашықтықтағы зымырындармен атқылау әрекеттері Қырым көпіріндегі жарылыстан кейін басталды. Ресей мұны «Украинаның әскери қолбасшылық, байланыс және энергетикалық жүйесін» талқандау деп атады. Украина Ұлттық полициясының мәліметінше, тек  Киевтің өзінде 29-дан аса маңызды инфрақұрылым нысаны, 4 көпқабатты және 35 жеке үй және бір мектеп бүлінген.

ҚХР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нин «Біз тиісті келісімдерді ескердік және жағдай жуық арада реттеледі деп үміттенеміз» деп сырғытпа пікір білдірді.

Кремль жағдайды максималды түрде тұрақсыздандырғысы келеді және біз олардың масқара болып жеңіліп жатқанына куәміз. Олар шарасыздықтан түрлі амалға барып жатыр және Украина мен айналасындағы елдерге қысым жасауын көбейтті,  

деп мәлімдеді Литва президенті Гитанас Науседа.

Киевке және өзге қалаларға қатыгез шабылдың куәсі болдық. Ресей өзінің ұстанымы қандай екенін ашық көрсетті. Ол – лаңкестік пен қатыгездік. Мен бұл шабуыл укариналықтарды қорқытпайды деп сенемін. Украиналықтар біздің өздері жағында екенімізді біледі және қанша көмек қажет болса, сонша уақыт қолдаймыз,  

деді Еуропалық комиссияның төрайымы Урусла фон дер Ляйен. 

Украина ақпарат көздерінің мәліметінше, елдің 13 облысы мен Киевтегі инфрақұрылым түгелдей қираған.

Ұлыбритания НАТО басшыларының шұғыл кездесуін талап етпек

«Үлкен жетілік» басшыларының кездесуі барысында Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс Украинаны мызғымас қолдауға шақырады. Ол сондай-ақ НАТО жиналысын шұғыл өткізуді талап етпек.

Трастың айтуынша, Украина президенті Владимир Зеленский де қатысатын G7 виртуалды кездесуі Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы оппозицияның бірлігін растау мүмкіндігі болмақ.

Украинадан артық ешкім бейбітшілікті қаламайды. Ал өз тарапымыздан біз оларға көмектесу үшін шешімімізден тайсалмауымыз керек,  

деді Ұлыбритания премьер-министрі.

Трасс сондай-ақ санкцияларды сақтау қажеттілігін атап өтіп, жақын күндері НАТО әскери альянсы басшыларын толыққанды кездесуге шақырады.

АҚШ Украинаға әуе қорғанысын күшейтетін қару беретін болды

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіменің негізгі тақырыбы Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізу болды.

Мен АҚШ президенті Джо Байденмен нәтижелі әңгімелестім. Әңгіменің басты тақырыбы әуе қорғанысы болды. Қазір бұл қорғаныс саласындағы ынтымақтастығымыздың бірінші басымдығы,

деп жазды Украина мемлекетінің басшысы.

Зеленский сондай-ақ АҚШ басшылығының Украина үшін G7 мемлекеттерінің қатаң ұстанымы және БҰҰ Бас Ассамблеясында Ресейдің Украинаның төрт аймағын аннексиялауын айыптайтын қарарды қолдау мәселелерінде өте маңызды екенін атап өтті.

Ақ Үйдің баспасөз қызметі екі президент арасындағы әңгімеден кейін Байденнің Ресейдің Украинаға, соның ішінде Киевке зымырандық шабуылдарын айыптап, осы мағынасыз шабуылдардан қаза тапқандар мен жараланғандардың отбасыларына көңіл айтқанын хабарлады.

Президент Байден Украинаға өзін-өзі қорғауға қажетті қолдауды, соның ішінде озық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін көрсетуді жалғастыруға уәде берді. Сондай-ақ ол Ресейден келтірілген шығынды өндіруді жалғастыру, Ресейді әскери қылмыстары мен зұлымдығы үшін жауапқа тартуға тоқталды. Экономикалық және гуманитарлық көмек тұрғысынан Украинаға қауіпсіздікті қамтамасыз етеді,

делінген баспасөз хабарламасында.

ЕҚЫҰ Украинадағы жаппай атқылауды айыптады

ЕҚЫҰ 10 қазанда Украина территориясына жасалған жаппай зымырандық соққыға байланысты Ресейді айыптады. Ұйымның пікрініше, Кремль өз сәтсіздіктерінің орнын толтыруға тырысқан. ЕҚЫҰ басшылығы мәлімдемесінде ресейлік зымырандардың нысанасы қарбалас уақытта тұрғын үйлер, алаңдар, көшелер, саябақтар мен ойын алаңдары болғанын мәлімдеді.

Бұл жантүршігерлік әскери әрекеттер халықаралық құқықты, атап айтқанда, халықаралық гуманитарлық құқықты мүлдем елемеу және бұзу болып саналады. Бұл өрескел және қатыгез әрекеттердің бірден-бір себебі – террордың таралуы және тактикалық және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізе алмаудың өтемақысы,

деп мәлімдеді ЕҚЫҰ.

Ұйым сондай-ақ Украина халқымен бірлікті және ортақ құндылықтарды, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның негізгі міндеттемелерін қорғауды жан-жақты қолдайтынын жариялады.

ТЕГи: Трендте
Сая Манарбековна 11.10.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
Қоғам

Әдепсіз стэндап-комик жазаға тартылды

24.05.2024
Қоғам

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

15.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?