Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Террорист тәліптермен форум өткізуге бола ма?
Экономика

Террорист тәліптермен форум өткізуге бола ма?

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 03.08.2023
Обновлено 03.08.2023 в 04:08
Поделиться
Фото: primeminister.kz
Поделиться

Рас, көпшілік түсінбей жатыр. «Тәлібтер лаңкестер ғой, олармен қандай форум өткізуге болады» деген пікір айтуда.

Бірақ оларға деген көзқарас қандай болса да, «мемлекеттік мүдде» дегенді ешкім ысырып тастамайды.

Тәлібтермен байланыс бізге не үшін керек екенін блогер Асхат Қасенғали былай түсіндірген екен:

1. Ауғанстанда 38-40 млн арасында халық тұрады. Нақты санын БҰҰ-да, Ауғанстанның өзі де білмейді. Елде халық санағын жүргізу нақты сандарды көрсетпейді. Ұрыс қимылдарынан көшіп-қонып жүрген халық, кей провинцияда тіпті кіру мүмкін емес. Сондықтан шамамен 38 млн халық деп алайық. Бүгінде сол 38 млн халық аштық алдында. Нан жетіспейді, ұн жоқ. Ауғанстандағы әлеуметтік жағдай ушыға берсе аштық болады, ішкі қақтығыс күшейеді. Салдарынан млндаған адам босқын атанады. Босқындар үш бағытқа кетеді. Дәстүрлі бағыт Иран мен Пәкістан (бұл елдердің әр қайсысында қазір 3 млнға жуық ауған босқындары бар). Үшінші бағыт Орталық Азия. Ол Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан. ОА елдеріндегі тыныштық бұзылады. Босқындармен бірге лаңкестік көзқарастағы азаматтар мен ұйымдар да аймаққа кіруі мүмкін. Сондықтан Ауғанстандағы тұрақтылыққа мүдделі тараптың бірі бізбіз. Қазақстан Ауғанстанға ұн мен астық сатуда көшбасшы ел. Олар біздің ұнға, астыққа тәуелді, сол үшін де бізбен келіссөз жүргізуге және біздің де шарттарды тыңдауға мүдделі.

2. Картана ашып қарасаңыз, Ауғанстанның қайда орналасқанын көресіз. Ауғанстан 220 млн халқы бар Пәкістанға баратын тікелей жол. 220 млн халық дегеніміз үлкен нарық. Қазақстан Өзбекстан-Ауғанстан-Пәкістан жолымен сауда жасаса болады немесе Түркіменстан-Ауғанстан-Пәкістан жолын салса да мүмкіндік бар. Ол үшін ең алдымен тәлібтермен байланыс және жақсы қарым-қатынас болғаны абзал. Яғни Ауғанстан біз үшін Пәкістанға баратын транзит жолы.

3. Орталық Азиядағы басты мәселе не? Әрине су. Біздегі өзендердің көбісі трансшекаралық. Ол жайлы талай жазылды. Арал теңізінің 80 пайыз тартылып қалғанын барлығымыз білеміз. Балығы тайдай тулаған Аралдың бұрынғы кейпі жоқ. Ол мүлде жойылып кетпеуі маңызды. Бүгінде тәлібтер Әмударияны бөгейтін алып Күш-Тепа бөгетін салып жатыр. Оның ұзындығы 285 шақырым, ал ені 100 метр болмақ. Егер бұл бөгет салынса, онда Өзбекстан мен Түркіменстан судан тапшылық шегеді. Мына салынып жатқан бөгет апатты ушықтырып жіберетіні анық. Сондықтан тәлібтермен су мәселесі бойынша да келісу қажет. Ол үшін тағы да «Талибанмен» (ұнасын-ұнамасын) байланыс болуы маңызды.

4. Ауғанстан ішінде түрлі ұлттар бар. Басым бөлігі пуштундар. Билікте солар отыр, тәлібтің 99 пайызы пуштун ұлтынан болар. Этникалық мәселе ушыққан жағдайда. Төрт ірі топ үнемі қақтығыс үстінде. Олар пуштундар, тәжіктер, өзбектер және хазарлар. Өзара атыс-шабыс, өзара этникалық қырқыс болып жатады. Бізге керегі сол жақтағы қазақтар ғой. Ауғанстанда қанша қазақ бары нақты белгісіз. 500-ден бастап 2 мыңға дейін дейді деректер. Кейбір жандар тіпті ондаған мың деп қояды (өз басым оған сене қоймадым). Қанша қазақ болса да, оларға этникалық тұрғыдан тиіспеу үшін де тәлібтермен байланыс керек, қарым-қатынас болуы қажет. Әрине олар Ауғанстан тұрғындары болғандықтан біздің тарап ішкі мәселесіне араласа алмайды, алайда билігімен байланыс болса біраз дүниені реттеуге болады.

5. Ауғанстандағы дін және лаңкестік мәселесін алып қарайық. Ислам дінінің екі тармағы да бар. 80 пайыз сүннит, 20 пайыз шиит. Өзге діндерді есепке алмағанда. Міне, осы екі тармақ арасында қайшылық бар. ДАИШ (ИГИЛ) біресе сүннит, біресе шиит мешіттерін жарып, діни соғыс бастауға арандатуда. Егер Ауғанстанда діни қақтығыс күшейсе, онда бұл ОА-дағы радикалдық көзқарасқа әсер етеді. Ал Ауғанстанды оқшаулай берсе, онда оның қоғамы радикалданып, керісінше радикализацияны сыртқа экспорттайды. Сондықтан да діни тұрақтылық пен Ауғанстан қоғамының жарылып кетпеуі бізге керек.

Экономикалық жағын, қанша астық саттық, қандай келісімдер жасалды дегенді экономистер айта жатар.

ТЕГи: Геосаясат, Главное, Қазақстан, Сарапшылар ойы, Экономика
Арман Ерғалиев 03.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?