Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > TikTok қауіпсіздігі: Қазақстанда миллионға жуық бейнеролик жойылды
Қоғам

TikTok қауіпсіздігі: Қазақстанда миллионға жуық бейнеролик жойылды

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 19.10.2023
Обновлено 19.10.2023 в 04:10
Поделиться
Поделиться

TikTok қолданушылардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеді?

TikTok шығармашылықпен айналысатын адамдар үшін, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жаңашылдықтан хабардар ететін ортаны қауіпсіз етуге тырысады.

TikTok осы мақсатта платформа ережесіне сай келмейтін контенті анықтап, қажетті шаралар қабылдау үшін инновациялық технологияларды қолданып, үздік командалардың көмегіне жүгінеді.

Ережелер TikTok желісінің барлық қолданушыларына қатысты. Сондай-ақ бұл этикалық кодекс платформаның жұмысында да маңызды рөл атқарады.

Мәселен, мұндай саясат жастардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты, ересектерге арналған тақырыптар, ақпараттың шынайылығы, ұсынымдар таспасы үшін қолайлылық стандарттары және т.б. және әрбір бөлімде пайдаланушылар рұқсат етілген контенттің анықтамалары, түсіндірмелері және нақты мысалдары бар қосымша ақпарат ала алады.

Қазіргі таңда әлем бойынша TikTok қолданушыларының қауіпсіздігіне 40 000 астам адам жауап береді.

TikTokтың мазмұнды модерациялау тәсілі төрт тіректен тұрады:

  • Ережелерге қайшы келетін контенттерді платформадан жою;
  • Ересектерге арналған контентті тек ересек пайдаланушылар (18 жас және одан жоғары) көре алатындай жасына байланысты шектеу;
  • Ұсынымдар таспасы үшін мазмұнның қолайлылық стандарттарын қолдау;
  • Қолданушыларға шынайы ақпараттар, пайдалы құралдар мен ресурстар ұсыну.

TikTok өз пайдаланушыларына шынайылық пен адалдықты қамтамасыз ету мақсатында, жойылған бейнелер мен парақшалар туралы ақпаратты үнемі жариялап отырады.

Платформадан жойылған мазмұнның көлемі мен сипаты туралы ақпарат Қауымдастық ережелерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын ашылады.

2023 жылдың екінші тоқсанында келесідей жұмыстар атқарылды:

  • Қауымдастық ережесін бұзғаны үшін әлемде 106 476 032 бейнеролик жойылды;   
  • Бейнебаяндардың 96,5%-ы белсенді түрде жойылды;
  • Белсенді түрде жою дегеніміз – бейнебаяндар жарияланбай және оған шағым түспей тұрып өшіру.
  • Бейнероликтердің 90,8%-ы олар жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде жойылды;

Қазақстанда:

  • Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін  барлығы 950 247 бейнеролик жойылды;
  • Платформа барлық жойылған бейнероликтердің 96,1%-ын белсенді түрде өшірді;
  • Қазақстанда  бейнебаяндардың 88,2%-ы олар  жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде жойылды.

Жасөспірім қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

TikTok-тың ерекше басымдығы — қауіпсіздік және платформаның ең жас пайдаланушыларына ерекше көңіл бөлу. 

Айта кетейік, TikTok – тек 13 және одан жоғары жастан асқандарға ғана тіркелуге рұқсат етеді. Себебі тіркелу барысында, қолданушының туған жылы мен күні талап етіледі. Бұдан бөлек, модераторлар командасы 13 жасқа толмаған балалардың белгілерін ажыратуға бейімделген. Егер қауіпсіздік командасы тіркелген аккаунт кішкентай бала екенін білсе, бірден бұғаттайды.

TikTok 13 жасқа толмаған қолданушылардың санын ашық түрде жариялаған алғашқы ірі платформа. Осылайша 2023 жылдың екінші тоқсанында әлем бойынша 13 жасқа толмаған қолданушылардың 18 823 040 жазбалары жойылды. Сондай-ақ платформа 18 жасқа толмаған қолданушылар үшін келесі шектеулерді енгізді:

  • 16 жасқа толмаған азаматтардың парақшасы жабық болмайды;
  • 16 жасқа толмаған пайдаланушылардың салған бейнематериалдарын жүктеуге болмайды;
  • Жеке хабарламалар жіберу функциясы тек 16 жастан жоғары пайдаланушыларға қол жетімді;
  • Тікелей эфирді тек 18 жастан асқан пайдаланушылар жүргізе алады;
  • 18 жасқа толған пайдаланушылар ғана виртуалды сыйлықтарды сатып, немесе жібере алады.

Жасөспірімдерге ата-аналар қалай көмектесе алады

TikTok жас қолданушылардың қауіпсіздігіне қаншалықты күш салса, ата-аналардың рөлі де соншалықты маңызды. Платформа дүкендеріне 12 жасқа дейінгі балалар кіре алмайды. Сондықтан балалар қолдануға тыйым салынған қосымшаларды жүктеуін ата-аналар қадағалай алады.

Сондай-ақ, ата-аналар «Отбасылық баптаулар» қызметін қолдана алады. Бұл арқылы TikTok-ты қолдану параметрлерін өзгертуге болады. Ата-ана өзінің парақшасын жасөспірімнің парақшасымен біріктірсе, келесі мүмкіндіктерге қол жеткізеді:

  • TikTok-та отыру уақытын шектеп, жасөспірім push-хабарландыруларды қашан алуын белгілеу;
  • Қауіпсіздік режимін пайдалану арқылы тыйым салынған немесе жасына сәйкес келмейтін контенттен шектеу;
  • Жасөспірімнің парақшасы жабық немесе ашық болатынын анықтау;
  • Жасөспірімге біреулердің хабарлама жіберу мүмкіндігін шектеу немесе хабар алмасу мүмкіндігін толығымен өшіру;
  • Сіздің балаңыздың бейнежазбаларының астына кім пікір жаза алатынын анықтау.

Бұдан бөлек, «Отбасылық баптау» қызметі арқылы кілт сөздерді орнатып, балаларыңыздың жасына сәйкес келмейтін контентті немесе тыйым салынған жазбаларды көруіне шектеу қоя аласыз.

TikTok ата-аналарға «Отбасылық баптаулар» қызметін пайдалануға кеңес береді. Алайда, аталмыш қызмет жасөспірімдердің жеке хаттамалары мен көрген бейнематериалдардың тарихын көруге рұқсат бермейді.

Цифрлы әл-ауқат

Платформа пайдаланушыларға көптеген құралдар мен ресурстарды ұсынады. Олар TikTok пайдалануға қанша уақыт жұмсайтынын жақсы түсінуге және бақылауға көмектеседі, сондай-ақ барлық аудиторияға сәйкес келмейтін контентті шектейді:

  • Күнделікті экрандық уақыт — бұл TikTok-та  күн сайын қанша уақыт өткізгісі келетінін шешуге мүмкіндік беретін функция. 13 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін бұл параметр 1 сағатқа тең.
  • Экрандық уақыт тақтасы — пайдаланушыларға олардың TikTok-ты қанша және қашан пайдаланатынын көруге мүмкіндік беретін функция;
  • Үзіліс — пайдаланушыға қосымшада өткізілген белгілі бір уақыттан кейін үзіліс жасауды ұсынатын функция;
  • Қауіпсіз режим — кең аудиторияға сәйкес келмеуі мүмкін мазмұнды көрсетуді шектейтін параметр;
  • Қосымшадағы хабарламалардың келуін шектеу жұмыс немесе оқу уақытында, немесе ұйқы мен демалысты бұзбауға көмектеседі. Бұл параметр кейбір пайдаланушылар үшін:
  • 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін хабарландыруларды өшіру уақыты 21: 00-ден 8: 00-ге дейін;
  • 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін хабарландыруларды өшіру уақыты 22:00-ден 8:00-ге дейін орнатылған.

TikTok туралы

TikTok –қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған жетекші платформа. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу.

ТЕГи: TikTok, Әлеуметтік желі, Қазақстан, Сарапшылар ойы, ТикТок
Сая Манарбековна 19.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?