Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Білім > Tiktok қазақстандық мұғалімдер арасында ұйымдастырған байқауды қорытындылады
Білім

Tiktok қазақстандық мұғалімдер арасында ұйымдастырған байқауды қорытындылады

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 25.12.2023
Обновлено 25.12.2023 в 04:12
Поделиться
Поделиться

Қысқа бейнероликтер жасау мен көруге арналған TikTok жетекші платформасы Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрлігінің, Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өткізілген кезекті #Қазақстанмұғалімдері конкурсының қорытындысын шығарды.

Өткен жылы TikTok платформасы ҚР оқу ағарту министрлігі қолдауымен алғаш рет бүкіл елдегі  мұғалімдерге арналған байқауды бастаған еді. #Қазақстанмұғалімдері бастамасы оқытушыларға өз шығармашылықтарының жаңа қырларын ашуға және қарапайым қысқа бейнероликтер форматында өз пәндері бойынша білімдерімен бөлісуге мүмкіндік берді. Жоба үлкен табыспен өтті, ал оның хэштегтері қазақстандық сегментте 2022 жылы ең танымалдар қатарында болды.

Ал биыл TikTok жобаның ауқымын одан да кеңейтіп, конкурсқа мектеп мұғалімдерімен қоса, колледж, жоғары білім мекемелерінің оқытушылары да қатысты. ҚР оқу ағарту министрлігі және ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі байқау серіктестеріне айналды. Жобаның ресми амбассадорлары ретіндегі таңдау химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов @wannabeteacher, математика пәнінің ұстазы Данияр Сеңгірбай @aks.dani, былтырғы байқаудың жеңімпазы Бекболат Комолов @the_bekbolat01 пен мұғалімдер командасының өкілі Нариман Қарабалинға @jump2mars түсті.

Байқауда еліміздің әр шалғайындағы елді-мекендердің оқытушылары бақ сынады: олар гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық пәндері бойынша креативті әрі қысқа форматта білімдерімен бөліссе, жобаның #УчителяКазахстана және #Қазақстанмұғалімдері ресми хэштегтері бойынша жалпы қаралымдар саны 800 миллионнан асты!

«Бұл байқау инновациялық қадамдар мен заманауи технологиялар білім беру үдерісін қалай байытатынын және оқытушыларды да, оқушыларды да шабыттандыратынын көрсетеді. Осындай бастамалар білім мен ғылымның дамуына  игі ықпал ететіне сенімдімін» — дейді Қазақстан Республикасының ғылым мен жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

«Біздің ТикТок-пен бірлесе жүргізген жобамыздың арқасында Қазақстан педагогтары өздерінің креативті әрі барынша қызықты білімдерімен жастармен, оған қоса әртүрлі буындағы ғаламтор пайдаланушылармен де  бөлісуге мүмкіндік алды. Ұстаздардың жобадан шет қалмай, ғаламтор платформаларын игіліктеріне жаратып, ғылым мен мектеп пәндерін кеңінен насихаттағаны қуантады. #Қазақстанмұғалімдері бастамасының мақсаты —  педагогтарды барынша шабыттандырып, білім берудің жаңа шығармашылық әдістеріне жол ашып, оқудың қызықты әрі еліктіре алатын көрсету және елдегі білім контентіне қызығушылықтарын арттыру», — дейді Қазақстан Республикасының Оқу- ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова

Келесідей оқытушылар конкурс жеңімпаздары атанды:

  1.  «TikTok 2023 мұғалімі»

Бұл номинацияда белгілі бір сала бойынша түсінікті тілмен баяндалған бейнероликтердің креативтілігі  бағаланды. «Ирина Кайратовна» тобының танымал ‘Чина» әнін қайта орындай отырып, ұлы физик Исаак Ньютон мен оның заңдарына арналған стильді музыкалық бейнеролик түсірген Алматы қаласының мұғалімі Хайдар Мұрзахметов @neverhaid жеңімпаз атанды. Хайдар кезекті рет Тiktok – физика сияқты күрделі пәнді қызықты да шығармашылық тұрғыда ұсынуға болатынын және edutainment-форматқа арналған мінсіз платформа екенін дәлелдеді.

  • «TikTok оқытушысы 2023» 

Бұл номинация бойынша ЖОО оқытушыларының арасынан ең креативті бейнеролик ұсына білген автор жеңімпаз атанып, бұл марапатқа Алматыдағы робототехника оқытушысы Хамза Дәулетбек @khamza_d лайық деп танылды, ол екі минуттық бейнеролигінде қарапайым тілмен қалай өз бетінше Arduino платформасындағы робот жинауға болатынын түсіндіреді.

  • «Жылдың жаңа мұғалімі»

Байқау аясында жасалған кімнің бейнероликтері жалпылай алғанда ең көп қаралым жинаса, сол оқытушы жыл ашқан “жаңалық” болды. Бұл аталым бойынша роликтері 8 миллионнан аса қаралым жинаған Жетісу облысы Алаккөл ауданы Достық ауылындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова @botagozomarova2 жеңіске жетті. Оның оңды бейнебаяндары тұрақты түрде мыңдаған қаралым жинаса, ең танымал бейнебаянының қаралымы 3 миллионнан асты.

  • «Үздік бейнеролик»

“Үздік бейнеролик” номинациясы TikTok-та ең көп қаралым жинаған танымдық ролик авторына беріледі. Бұл номинация бойынша логикаға байланысты жұмбақ туралы бейнеролигімен  5 миллионан аса көрініс жинаған Павлодар қаласының харизматикалы мұғалімі әрі оқушыларының сүйіктісі ұстазына айналған Игорь Гноев @andreichadela жеңіске жетті.

Байқаудың барлық жеңімпазы – ТikTok-тың миллиондаған қолданушыларына бұрынғыдан да сапалы бейнероликтер түсіруге мүмкіндік беретін бағалы iPhone 15 Pro Max смартфонына ие болады.

Анара Бауыржанқызы 25.12.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

РуханиятБілім

Қазақстан совет мультфильмдерін қазақшаламақ

06.06.2024
ҚоғамБілімРуханият

Түймебаев енді ректор боп ұзақ отыра алмайды

06.03.2024
БілімРуханият

Наурызда өтетін ҰБТ басталды

04.03.2024
Білім

Педагогтерді аттестациялаудың жаңа ережесі әзірленді

20.02.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?