Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Білім > TikTok қазақстандық ЖОО-мен бірге медиасауатты арттырмақ
Білім

TikTok қазақстандық ЖОО-мен бірге медиасауатты арттырмақ

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 24.11.2023
Обновлено 24.11.2023 в 02:11
Поделиться
Поделиться

TikTok қысқа бейнероликтерін жасауға және көруге арналған жетекші платформа AlmaU Медиа және кино мектебінің сарапшыларымен бірлесе отырып, TikTok «Қауіпсіздік академиясы» бастамасы аясында #Лүпілдетбірақтексер науқанын бастайды.

Жаңа жобаның міндеті — платформа пайдаланушыларына медиа сауаттылық негіздері туралы айту: ғаламтордағы ақпаратты неге сыни тұрғыдан бағалау керек, дереккөздердің сенімділігін қалай тексеру керек, неге күмәнді контентті таратудың қажеті жоқ және алалаушылықтың құрбаны қалайша болмау керек.

Күн сайын Қазақстан тұрғындары түрлі ақпарат көздерінен көптеген жаңалықтар алады, және мұндай ақпараттық ағынға бағдарлау қиынға соғады. Медиасауаттылық сандық құзыреттіліктермен қатар кез-келген ғаламтор қолданушысы үшін қажетті дағдылардың біріне айналды. Пайдаланушыларға онлайн-кеңістіктегі хабарламаларды сыни тұрғыдан бағалауды және талдауды үйренуге, ақпараттық шудан қорғануға және ақпараттық мазмұнды жауапкершілікпен құруға көмектесу үшін AlmaU Медиа және кино мектебінің сарапшыларымен бірге TikTok #Лүпілдетбірақтексер науқанын бастайды.

Арнайы жоба үшін танымал TikTok креаторлары бірқатар оқытушы роликтерін жазды:

  • Экзотикалық жәндіктер сарапшысы @nagornyy.n хабарлама дереккөздерін тексеру қажеттілігі туралы айтады;
  • Киноиндустрия білгірі @kinodron2.0 егер сіздің ақпараттың сенімділігіне көзіңіз жетпесе, оны неліктен таратпау қажеттігі туралы баяндайды;
  • Киноиндустрия сарапшысы @prostogaiz ақпараттың сенімділігіне сенімді болмасаңыз, неге оны таратпау керектігін айтады;
  • Суретші @assolyaa контентті көшіру мәселесіне назарын аударады;
  • Фэшн-гуру @aida_neko ақпаратты объективті түрде қабылдап, қалай адасушылықтың құрбаны болудан сақтану керектігі туралы әңгімелейді;
  • Футболшы @aliev_53 дерекпен пікірді ажыратуды үйретеді;
  • Технологиялар жөніндегі сарапшы @eduardbaskov TikTok ұсыныстар арнасы қызықсыз контент елемеу үшін, оны қалай баптауды үйретеді.

Сондай-ақ, AlmaU Медиа және кино мектебі онлайн-кеңістікте мазмұнды тұтыну мен құруға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы көбірек білу үшін медиа сауаттылық бойынша сарапшылармен арнайы эфирлер өткізеді.

  • 28 қараша Алматы уақыты бойынша сағат 19:00-де медиа сарапшы және «Зиянды медиа әдеттерді өзгертеміз» жобасының авторы Бақтыгүл Бурбаева неліктен медиа сауаттылық кез келген ғаламтор пайдаланушысы үшін негізгі дағдылардың бірі екенін түсіндіреді.
  • 29 қараша Алматы уақыты бойынша сағат 19:00-де «Медиа және ақпараттық сауаттылық» оқулығының әдістемелік құралының авторы Руслан Қаратабанов ақпаратты сенімді дереккөздерде қалай тексеруге және фейктердің ықпалына түспеуге болатындығы туралы әңгімелейді.

«Медиа сауаттылық білім берудің ажырамас бөлігіне айналуда. #Лүпілдетбірақтексер ақпараттық науқанындағы серіктестік оқытудың жергілікті әдістерін біздің білім беру тәжірибемізге біріктірудің бірегей мүмкіндігін ұсынады. TikTok өзінің кең аудиториясымен және шығармашылық мүмкіндіктерімен сыни ойлауды, мәдени құзыреттілікті және ақпараттық сауаттылық дағдыларын дамыта отырып, ресми және бейресми білім беру арасында көпір құрудың құнды платформасы бола алады. Сондықтан біздің мектептің профессор-оқытушылар құрамы осы мәселелер бойынша өз сараптамасымен қуана бөліседі», – деп AlmaU Медиа және кино мектебінің деканы Анар Секеева түсіндірді.

Өз кезегінде университет тарапынан жобаға оқушылар да тартылды. Біздің «New Media» және «Қоғаммен байланыс» мамандықтарының студенттері ғаламтор қолданушыларының назарын медиа сауаттылық сияқты өзекті тақырыпқа аудару үшін өздерінің креаторлық дағдыларын қолдану мүмкіндігіне жігерленді. Ақпараттық науқан барысында олардың жұмыстары @mfsmedia аккаунтында #Лүпілдетбірақтексер  жобасының ресми хэштегімен орналастырылады. Осылайша біз TikTok платформасының кез келген пайдаланушысы осы бастамаға қатыса алатынын көрсеткіміз келеді», – деп AlmaU Медиа және кино мектебінің медиа сарапшысы, рrofessor of practice Екатерина Корабаева бөлісті.

«Күн сайын миллиондаған TikTok пайдаланушылары әртүрлі көздерден көптеген ақпарат алады. Біз қоғамдастық мүшелерінің ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай білуін, сенімсіз дереккөздерді сүзіп, електен өткізуін және авторларымыздың мазмұнды құруға жауапкершілікпен қарауын қалаймыз. Сондықтан біздің «TikTok Қауіпсіздік академиясы» аясындағы төртінші жобамыз медиа сауаттылық тақырыбына арналған. Біз AlmaU Медиа және кино мектебінің танымал мазмұн авторларымен серіктестік және қызметкерлерінің сараптамасы Қазақстандағы үлкен қауымдастығымызды осы маңызды құзырет шеңберінде базалық дағдыларға үйретуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – деп Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы TikTok операциялық департаментінің басшысы Екатерина Блинец түсіндірді.

Анара Бауыржанқызы 24.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

РуханиятБілім

Қазақстан совет мультфильмдерін қазақшаламақ

06.06.2024
ҚоғамБілімРуханият

Түймебаев енді ректор боп ұзақ отыра алмайды

06.03.2024
БілімРуханият

Наурызда өтетін ҰБТ басталды

04.03.2024
Білім

Педагогтерді аттестациялаудың жаңа ережесі әзірленді

20.02.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?