Қысқа бейнеороликтерді көруге және жасауға арналған TikTok жетекші платформасы министрлігінің қолдауымен #ҚазақстанМұғалімдері байқауын іске қосады. Бұл туралы министрлік хабарлады.
Байқау жеңімпаздарына iPhone 13 PRO Max смартфондары беріледі. Байқау шарты бойынша, еліміздің түкпір-түкпірінен мұғалімдер платформада өз пәні туралы шығармашылық және танымдық бейнероликтер жариялауы керек.
TikTok авторларының қазақстандық қауымдастығы танымдық контенттің көптеген авторын біріктіреді. Платформа қарапайым бейнероликтер форматы арқылы өз пәніне аудиторияны шын жүректен қызықтыруға мүмкіндік алатын мұғалімдер мен оқытушылар арасында ерекше танымал болып отыр. TikTok-тың #ҚазақстанМұғалімдері бастамасы оқытушыларға қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін ашуға және әркімге түсінікті видео форматында өз пәні бойынша білімін бөлісуге мүмкіндік береді. Жобаның ресми амбассадорларыTikTok-та танымал мұғалімдер болады: химик Ұлан Үсенов @wannabeteacher, математик Данияр Сеңгірбай @aks.dani және @jump2mars мұғалімдер тобы,
делінген министрлік хабарламасында.
TikTok-та өз жолын енді бастаған оқытушылар үшін арнайы оқыту вебинары өткізіледі. Бұл оларға TikTok-тың барлық мүмкіндігін білуге және қоғамдастықтың назарын аударатын жарқын бейнелер жасауды үйренуге көмектеседі.
Байқауға қатысуға TikTok-та аккаунт ашуға дайын немесе аккаунты бар барлық мектеп мұғалімі шақырылады. Байқау кезінде 6 қазаннан 1 желтоқсанға дейін педагогтар өз пәнінің тақырыбы бойынша танымдық бейнероликтер жариялауы қажет. Роликтер кем дегенде 30 секундқа созылуы керек, ал оларды жариялау кезінде байқаудың #ҚазақстанМұғалімдері хэштегі пайдаланылуға тиіс.
Қазылар алқасы құрамына жоба амбассадорлары, TikTok платформасының және Оқу-ағарту министрлігі кіреді. Олар қатысушыларды үш номинация бойынша бағалайды:
• Ең креатив мұғалім. Марапатты белгілі бір тақырыпты қысқаша, түсінікті және креатив түрде түсіндіре алған автор алады. Номинацияны платформадағы ең креатив мұғалімдердің бірі — химия пәнінің мұғалімі және студенттерді өз пәніне қалай қызықтыру керек екенін жақсы білетін аниме жанкүйері Ұлан Үсенов @wannabeteacher ұсынады.
• Жаңа мұғалім. Жеңіс байқау кезінде жаңа аккаунты ең көп қаралымға ие болған мұғалімге беріледі. Номинацияның амбассадоры жас математика мұғалімі Данияр Сеңгірбай @aks.dani болады.
• Үздік бейнеролик. Хэштегі бар бейнеролигі байқау кезінде ең көп қаралымға ие болған мұғалім жеңімпаз болады. Номинацияны @jump2mars жобасы ұсынады, ол Қазақстандағы TikTok-та танымдық контентті алғашқылардың бірі болып танымал ете бастады. Оның роликтері жүздеген мың лайк жинайды.
Байқау жеңімпаздарына iPhone 13 PRO Max смартфоны беріледі жәнеTikTok контент жазушылары ретінде дамуын жалғастыруға көмектесетін Дарындарды дамыту бағдарламасына шақыру алады.