TikTok желісі функциясына қазақ тілі қосылды. Бұл туралы платформаның баспасөз қызметі хабарлады.
TikTok-тың жетекші қысқа бейне платформасы қолданбаны үнемі пайдаланушыларға ыңғайлы және қолжетімді етуге тырысады. TikTok-та қосымшаның енді қазақ тілінде де қолжетімді екенін хабарлауға қуаныштымыз. Қазақ тілін таңдау мүмкіндігі Android және iOS құрылғыларына арналған қосымшаның соңғы шығарылымында пайда болды,
делінген хабарламада.

Сонымен қатар платформа TikTok қауымдастығының қандай мазмұнды орналастыруға болатынын және тыйым салынатынын түсіндіретін ережелерін қазақ тіліне аударды.