Тілеухан-Заитов дауы, мектепте орамал тағу петициясы және неке түніндегі қылмыс

Өткен аптада әлеуметтік желілердегі қазақ аудиториясы қандай тақырыптарды талқылады?

Бұрынғы депутат, жыршы, ақын Бекболат Тілеуханов пен айтыскер ақын Ринат Заитовтың әлеуметтік желілердегі «айтысы» аудиторияда ең көп талқыланған тақырыптардың бірі болды. Ринат Заитовтың БАҚ өкілдеріне берген сұхбатынан соң дау туындады. Ол өз сұхбатында «Бекболат Тілеухан ағамызды мен сыйлаймын, әлі де арласамын бірақ қаңтар оқиғасын біліп, ескертпегеніне қатты қынжылдым» деген болатын. Ал Тілеухан Ринаттың бұл пікіріне жауап ретінде өзінің Facebook парақшасына бейнеүндеу жариялады.

Қазақ өкпеге қиса да, өлімге қимайды, деуші еді ағайын. Ринат бауырым өлімге қиды. «Қанды қаңтар» оқиғасын білді, біліп тұрып, бізге айтпады» деген сұмдық ауыр жала жапты. Енді ағалап ақыл-кеңес алып жүріп істеген шаруаң осы ма? Бұл екіжүзділік пе, тексіздік пе? Әлде жұрттың сөзімен айтқанда терпиласың ба, чертсың ба? Мұны қалай түсінуге болады? Осыншама танымалдылықтың құлы болуға бола ма,

деп ызаланды экс-депутат.

Әр қазақ менің жалғызым дейсіңдер, ал істеп отырғандарың мынау. Мен саясаттан кеткен адаммын. Етегіме жармаса бермеңдер, деп ескертті бұрынғы депутат.

Желі қолданушылары депутаттың өзі видео түсіріп, көпшілікке жариялауы да популизмге ұқсайды деген пікір айтты. Әрі қазақ жігіттері сырттарынан бір-біріне тіл тигізуі ешкімге абырой әпермейтінін, өзара тыныш шешуі керегін жазды. Сондай-ақ, Тілеуханның бұрынғы «қара тізім» жүргізетіні туралы сөзін еске алып, Ринаттың да енді сол тізімге түскені туралы әжуа пікірлер айтылды.

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп, өз-өзіне қол жұмсап көз жұмған Мираш Бекболдың оқиғасы қоғамда резонанс тудырды. Өткен аптада Мираш Бекболдың сүйіктісі марқұмның өзіне жазған хаттарын оқып берді. Онда сарбаз «Адамдардан қорқып жүргенін, өмірден түңіліп кеткенін» айтқан. Әлеуметтік желілердегі аудитория бейбіт күнде әскерилердің өліп жатқаны ақылға сыйымсыз деген пікір айтуда. Және де осы жағдайларды шеше алмай отырған Қорғаныс министрінің жұмысына шағым айтушылар көп болды.

Актер Нұртас Адамбайдың мектепте оқушы қыздарға орамал тағуға рұқсат беруге петиция жариялауы қоғам талқысына кеңінен түсті. Аудитория екіге бөлінді. Бірі актерді қолдаса, енді бірі еліміз зайырлы мемлекет екенін еске салып, ешбір діннің элементі мемлекеттік мекемелерде болмауы керек десті. Әсіресе қарсы болғандардың даусы жарқын-жарқын шықты. Нұртас Адамбайға «өз қыздарымен шаруасы болсын, басқаның қызына тиіспесін» деген ақыл айтылды.

Дене шынықтыру, орыс тілі, қазақ тілі пәндерін енді бөліп оқытпау туралы шешім көптеген мұғалімдердің жүктемесінің азаюына, сәйкесінше табысының азаюына әкелді. Әсіресе «Өзін-өзі тану» мұғалімдері наразы, олардың пәндері түбегейлі қысқарған. Бұл мұғалімдер тарапынан әлеуметтік желілерде ашынған пікірлер қалдыруға негіз болды. Көпшілік мұғалім министрлік оқу жылы басында күтпеген реформалар енгізіп, оларды есеңгіретіп қойды. Аз уақыт ішінде көбі біліктілігін өзгертіп те үлгермейді. Кейбір оқырмандар бюджет ақшасын қажетсіз пәндерге жұмсауды доғару керек дегенді айтады. Арасында «Екі қолға бір күрек табылады» деп сабырға шақырғандар да болды.

Жетісу облысында әлеуметтік осал топтардың балаларына мектеп формасын беру кезінде дау туды. Оқушыларға берілген киімдер бірнеше есе үлкен болып шықты. Оқушының анасы қызға форманы кигізіп көріп, әлеуметтік желіге видео жариялайды. «Құрметті министр мырза 38 мың теңгелік форманың түрі осы ма? Мына оқушы бұл формамен мектепке қалай барады. Қаржылай беріледі деп, міне енді осылай келіп тұр. Қашанғы былай бағып жүреміз, өзімізге тиесілі затты қорғай алмасақ, ертең не болады»,- дейді оқушының анасы.

Бұл желі қолданушыларын да ашуландырды. «Киітке салатын костюмдер ғой», «Өз баласына кигізсін» десті жұрт. Көп ұзамай, Жетісу облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мектеп оқушысы арнайы қордан көмек алатын оқушылар тізімінде болмағанын атап өтті. Дегенмен, форманы өз өлшеміндегі мектеп формасына айырбастап берген. Бұл жаңалықты да жұрт сынмен қабылдады. Анасы шырылдамаса бермей қояр ма еді деген болжамдар айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелерде көпшілігі есеп беру үшін ғана қызмет етеді деп сынға алды.

Өткен демалыс күндері Шымкентте ер адам алғашқы неке түні қалыңдығын ұрып өлтіргені туралы жаңалық қоғамды дүр сілкіндірді. Қыздың анасы екі ай өткен соң әлеуметтік желілерде видео жариялап, қылмыскер әлі ұсталмағанын айтып шағымданады. Оның ойынша, ұсталмай жүргеніне күдіктінің туыстарының прокуратурада жұмыс істеуі себеп. Анасының бейнежазбасын қоғам белсенділері жариялаған соң күдікті бірден ұсталып, изоляторға қамалды. Әлеуметтік желі оқырмандары ақылды, білімді қыздарымыз (марқұм НЗМ-де оқытушы болған) кісі қолынан қаза тауып жатқанына наразы болды. Әрі Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық өршіп тұрғанын, және көп жағдайда зәбір көрсетушілер жазасыз қалатынын жарыса жазды. Сондай-ақ, Қазақстанда құқық қорғау органдарында істейтін жақынына сеніп, әділетсіздік жасайтындар көп екенін жазғандар да болды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago