Белгілі шоумен, актер Нұртас Адабай «Базз Лайтер» мультфильмі төңірегінде шулы оқиғамен есте қалған еді. Бұл жеңісі актерге күш берсе керек. Енді ол өз аудиториясын білім ошақтарында орамал киюге рұқсат беруге үндеуді бастады. Тіпті петиция жариялап, қол қоюға шақырып отыр.
Басынан бастайық. Танымал кино актері Нұртас Адамбай «Базз Лайтер» мультфильміне тыйым салу керек деген бастама көтерген еді. Ол өз талабын республика президентіне жеткізгісі келді. Бұған мультфильмдегі төрт секундтық эпизод себеп болды. Онда бір қыз бала екінші қыздың бетінен емес ернінен сүйеді. Алайда бұл көріністе тұрған ешнәрсе жоқ деп халық шулады. Тіпті оның «Келинка Сабина» фильмі сұмдық сынға ұшырады. Не керек, түбінде Адамбай жеңіске жетті. Жаңа туынды Қазақстанда прокаттан алынды. Кейін актер өзінің Facebook парақшасында «Тор: махаббат пен найзағай» фильмі туралы жазба жариялады:
Қандай негізінде бұл фильмге лицензия берілген? Менің ойымша, Бас прокуратура бұл мәселені тексеріп, реттеуі керек. Фильмнің прокатқа шығармау қажет. Біздің елдегі заңдар күшін жойған жоқ. Биылғы жылды Президент Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Менің ойымша, бізге мұндай өрескел насихатқа мемлекеттік деңгейде заңнамалық түрде тыйым салу қажет.
Бұл жағдай да кейбір қазақстандықтардың ашуын шығарған еді.
Бір сағат бұрын Адамбай өзінің Instagram парақшасында жаңа пост жариялады.
«Біздің елде заң бойынша дін ұстану еркіндігі бар. Мектеп оқушысы орамал таққысы келсе, ол оның Алламен қарым-қатынасы. Оның арасына түсуге болмайды», – деді Адамбай.
«Мектептегі имандылықты сақтап қалайық» деген жариялама 500-ге жуық пікір жинап үлгеріпті. Көпшілік екі ойға бөлінді. Басым бөлігі актерды даттап, азы ғана жақтап отыр:
Одан бөлек, петицияда қоғамдық құндылыққа сай келмейтін элементтері бар киімді киюге тыйым салу ұсынылған.
Билік өкілі бұл жолы қандай шешім қабылдайтыны белгісіз. Аты шулы мультфильмнің оқиғасын қайталамасына кім кепіл? Не болса да маңызды құндылықтарымызды жоғалтпасақ болғаны.