Categories: Экономика

Тіркелмеген таксистердің мәшинесі сот арқылы тәркіленеді

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, такси қызметімен айналысу фактілері анықталған жағдайда жеке көліктер конфискацияланып жатқаны туралы ақпарат қайта-қайта пайда болуда. Бұл мәлімет шындыққа жатпайды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көрсетілгендей, тек соттың шешімі болған жағдайда меншіктен айыру мүмкіндігі көзделген.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ешкім өз мүлкінен айырылуы мүмкін емес, тек сот шешімі бойынша.

Қазіргі таңда заңсыз такси ретінде жұмыс істегені үшін көлік құралдарын конфискацияланғаны туралы бірде бір дерек жоқ.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті такси қызметін жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асырғаны үшін он бес АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылғанын ескертеді.

Жеке кәсіпкерлікті электронды үкімет порталы арқылы (е-лицензирование) немесе «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы, Kaspi және Halyk банктерінің мобильді қосымшалары арқылы тіркеуге болады.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

10 часов ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

18 часов ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

19 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

4 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

4 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

4 дня ago