АҚШ жағалау күзеті «Титан» батискафы қалдықтарының арасынан, болжам бойынша, адам сүйектері табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
«Титаникке терең сүңгіген кезде жарылып кеткен сүңгуір қайық қалдықтары сәрсенбі, 28 маусымда Канаданың Сент-Джонс портына шығарылды.
АҚШ медицина қызметкерлері адам қалдықтарына ресми талдау жасайды, делінген жағалау күзетінің мәлімдемесінде.
АҚШ жағалау күзетінің теңіз оқиғаларын тергеу комиссиясы (MBI) дәлелдерді ары қарай талдап, зерттеу үшін америкалық портқа жеткізеді.
MBI төрағасы, капитан Джейсон Нойбауэр «Титанның» апатқа ұшырауына себеп болған факторларды анықтап, мұндай қайғылы оқиға қайталанбас үшін әлі ауқымды жұмыс атқаруымыз керек» деп атап өтті. Сонымен қатар, ол экстремал теңіз тереңіндегі деректерді сақтап, қалпына келтіруге көмектескен серіктестерінің үйлескен халықаралық және ведомствоаралық қолдауына алғыс айтты.
Батискаф 18 маусымда су астына сүңгіп кеткеннен кейін 90 минуттан соң жарылып, борттағы бес адам мерт болды.
Бортта 58 жастағы британ кәсіпкері және зерттеуші Хэмиш Хардинг, 48 жастағы пәкістандық кәсіпкер Шахзада Давуд пен оның 19 жастағы ұлы Сулейман, OceanGate компаниясының директоры 61 жастағы Стоктон Раш, сонымен қатар 77 жастағы француз зерттеушісі Поль-Анри Наржоле болды.
Әуелде ресми тұлғалар мәйіттің табылуы мүмкін екеніне сенбеді.