14 қазанда ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысында қашқын жемқорларды бір-біріне беруге келісті. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Ведомствода атап өткендей, бұл құжат 2008 жылы әзірленіп, тек 2022 жылы тараптар соңғы нұсқасына келісіп, қол қойған.
Сонымен қатар келісімнің жұмыс істеуі құқық бұзушылыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы келісілген саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға ықпал ететіні айтылды.
Атап айтқанда:
- сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетілетін;
- сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша үйлестірілген және келісілген жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар жүргізілетін;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды іздестіру, ұстау және ұстап беру, сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді қайтару саласында ынтымақтастықты жүзеге асырылатын;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық жүйелер құрылатын және пайдаланылатын;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық стратегиялары, бағдарламалары мен жоспарлары әзірленетін;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен алмасу жүзеге асырылатын;
- кадрлардың біліктілігі арттырылатын және т.б. жүзеге асырылатын болады.