Фото: Ақорда
Нұр-Сұлтанда үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Отырысқа Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етіп жатыр.
Қозғалған басты тақырыптардың бірі азық-түлік қаупсіздігі болды.
Халықаралық жағдай қиын кезде азық-түлік қауіпсіздігінің өзектілігі көптеп артады. Азық-түліктің әлемдегі бағасы 34%-ке жетіп қойды. Бидай бағасы 47%-ке, арпа 18%-ке өсті. Ауа райы құрғақ болғандықтан Еуропа одағы елдерінде, Канадада және басқа мемлекеттерде астық түсімі төмендейді деп күтіліп жатыр,
деді президент.
Бұл жағдайда Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімдерінің арту қарқыны бәсеңдегенін байқауға болады. Сұйық май өнімі 12%-ке, өңделген сүт 7,5%-ке, қант 5,6%-ке, сыр 3%-ке қысқарды. Ал импорт көлемі 22%-ке өсті. Атап айтқанда, сүт импорттау 17%-ке артқан.
Осы сала министрлері 2023 жылы Қазақстан құс еті (импорт үлесі – 40%), шұжық өнімдері (44%), балық (60%), сыр мен сүзбе (50%), қант (60%), сүт өнімдері (4%) бойынша азық-түлік тәуелсіздігіне жететінін айтып жатыр. Біз қазір басқа жағдайды көріп отырмыз,
деді президент.
Оған қоса, қанттың жетіспеуіне де назар аударылды. Бұрын қосылған жеті қант зауыттарының қазір төртеуі ғана істеп тұр (Алматы және Жамбыл облыстарында). Істеп тұрған зауыттардың тек үштен бірінің ғана (31%) жүктемесі бар. Ауыл шаруашылығы министрлігі қызылша қанты үлесін 2026 жылға қарай 6 есе (7%-тен 43%-ке дейін) көбейтуді жоспарлап отыр. Дегенмен кейінгі 4 жылда қызылша қанты алаңы үштен бірге қысқарды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл салаға ел ішіндегі және шетел инвесторлары тарапынан қызығушылық жоғары екенін, бірақ дұрыс қадам жасау қажет екенін айтты.
Бұл саяси мағынасы да бар принцип мәселесі. Біз қазір дүкендерде не боп жатқанын көріп отырмыз, масқара,
деді президент.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…