Қазақстанға санкция салу қаупі төніп тұр ма? — эксперт

Енді АҚШ билігінің назары күшейетіні анық.

Жақында АҚШ санкция арқылы, тыйым салынған тауарлар Ресейге жетуі мүмкін елдер тізімін дайындап, жариялады.

Құжатты қаржы министрлігі мен сауда министрлігі әзірлеген. Ведомство осы тізімдегі мемлекеттерді де ескере отырып «жеке немесе заңды тұлғалардың эксперт бақылауынан жалтаруға тырысуға қатысты қырағы болуға» шақырды.

Көп адамда келесіде осы елдерге (яғни Қазақстанға да қарсы) шын санкциялар салынып жүрмей ме деген сауал туады. Мысалы, сырт көз үшін?

Саясаттанушы Замир Қаражанов алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтады. Бұл тізім — негізі ішкі қолданысқа арналған құжат. Дегенмен Американың уәкілетті құрылымдары тарапынан біздің елге деген назар күшеюі мүмкін.

Америкалықтар түрлі тізім жасағанды жақсы көреді

— Бірден басты сұраққа көшейік: мұндай тізімге кіру бізге қандай қауіп төндіруі мүмкін?

— Әуелі бұл қалай болғанда да АҚШ-тағы жалғыз тізім емес екенін айтып өткен жөн. Ол жақта тізім жасағанды жақсы көреді, мұндай құжат толып жатыр. Дін еркіндігі, санитар жағдайы (әсіресе коронавирус пандемиясынан кейін өзекті), демократиялық түрлендіру және тағы басқа тізімдер бар. Шын мәнінде,

мұндай тізімдер шетелдіктер үшін емес, америкалық мемлекеттік органдар үшін, ішкі қолданысқа арналып жасалады.

Мысалы, мұндай тізімдер қай жақтан күшті қауіп төнуі мүмкін екенін анықтау үшін керек. Террор қаупі бар елдер тізіміне автоматты түрде терроризм қаупі жоғары Ауғанстан мен Сирия сияқты елдер енеді.

Бұл жағдайда тізімге басқа елдермен қатар Ресеймен шектесетін елдер де, яғни Қазақстан да енген. Шекаралас елдер теориялық тұрғыдан РФ-ке салынған санкцияларды бұзып, онда тыйым салынған тауарларды кіргізуі мүмкін. Кейбір ел тізімге саяси мотиві бойынша кірді. Оның бірі — Ресейді тікелей қолдап отырған Беларусь Республикасы.

Ең бірінші кезекте әңгіме құрлық арқылы тауар тасу мүмкіндігі туралы болып отыр. Әрине, жеткізу каналдарының бірі ретінде әуе транспорты да бар. Дегенмен аэропорттар әдетте өте жақсы тексереді, сондықтан олар арқылы тыйым салынған тауарларды өткізу айтарлықтай қиынға соғады. Жердегі маршрутпен әлдеқайда оңай — темір жолмен немесе автотранспортпен тасуға болады.

Сондықтан бұл тізімде Қазақстанмен бірге посткеңес кеңістігіндегі барлық шекаралас мемлекет кірді.

Көрші болу — күмән келтіруге себеп

— Демек біз ешқандай нақты себеп бермедік қой, жай ғана Ресейдің қасында тұрмыз ба? Анекдоттағыдай айтсақ, құрал бар ғой?

— Иә. Бірақ Қазақстанның бұл тізімге енгені ешқандай қауіпті білдірмейтінін түсіну керек. Әңгіме заң міндетті түрде бұзылатыны туралы емес қой, жай ғана сондай қауіп бар екені жайлы. Мысалы, қандай да бір жеке компания ақша тапқысы кеп, РФ-ке контрабандалық тауар кіргізгісі келетін шығар,

Сондықтан

бұл қауіп емес, америкалық үкімет жұмыс істеген процедура ғана.

Бұған дейін айтқанымдай, олар әртүрлі бағыт бойынша тізімді көп жасайды, бұл оларға қауіпті анықтап, ақпаратты жүйелеу үшін керек.

— Дегенмен бәрі оңай өтпейтін сияқты. Мұқиятырақ қадағалауға тырысатын шығар.

— Солай болатын шығар. Тізімдегі мемлекеттер еліне нақты қай тауарларды кіргізетіні, ол не екені, не үшін керек екені, ары қарай қалай қолданатыны туралы ақпарат жиналады. Қант болса мейлі, ал әскери мақсатта қолдану үшін жылуға ден қойғыш кіргізше ше?

Бірден «Өздері қажетсініп кіргізді ме, әлде ары қарай жіберу үшін бе?» деген сауал туады.

Мемлекеттік пе, жекеменшік пе? Сұрақ осындай

— Сосын не болады? Ақыр соңында жүктің қайда жеткенін күте ме, әлде бірден әрекетке көше ме?

— Тасуға бастамашыл болған кім екенін, жеке компания ма, әлде мемлекеттік орган ба, қайсы екенін анықтай бастайды деп ойлаймын. Екіншісі болса, санкция салынған тауарды жеткізуге қатысты Ресеймен келісім болуы мүмкін деген күдік пайда болады. Сосын бұл жүк, мысалы, Қазақстан әскеріне емес, Ресейге тиесілі болуы мүмкін деп күдіктеледі.

Ал егер жүк ары қарай Ресейге жөнелтілетіні анықталса, шара қабылданады. Бұл іспен жеке компания айналысса, сол компанияға ғана санкция салынуы керек. Мысалы,

шетелден несие беруді тоқтатады, экспорт және импорт операцияларын жасау мүмкіндігінен айырады.

Солайша, жаһандық экономикадан оқшаулайды.

Ал мемлекеттік органдар қатысқаны белгілі болса, басқа деңгейдегі шаралар қабылданады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago