Ол армян-әзербайжан қақтығысын дипломатиялық жолмен шешуді ұсынды.
Бұл туралы Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында мәлімдеді.
Мемлекеттер басшылары әзербайжан-армян мемлекеттік шекарасында болған оқиғаларға қатысты Армения премьер-министрінің мәліметін тыңдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды тұрақтандыру үшін мүмкін болған барлық шараны қабылдауға, күштік құрылымдарды пайдаланудан бас тартуға, шұғыл түрде келіссөз жүргізуге шақырды.
Еске сала кетейік, 13 қыркүйек күні Әзірбайжан қарулы күштері Горис, Сотк және Жермук қалаларының бағытында қарқынды оқ жаудырды. Қарсылас артиллерия, миномет, пилотсыз ұшақтар мен ірі калибрлі атыс қаруын қолданған. Бұл мойындалмаған Таулы Қарабақ үшін қақтығыстар қайтадан басталғанын білдіреді.
Шекарадағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Армения ҰҚШҰ-ға мүше елдерден көмек сұраған болатын.