Енді Қазақстанда самокаттар қозғалысын реттейтін арнайы ережелер бар.
Оған сәйкес тротуарда самокаттың жылдамдығы сағатына 6 шақырымнан аспауы керек. Сонымен қатар тәртіп сақшылары электрлі самокат мінгендерді тоқтата алады.
Бұдан бөлек жолдың оң жақ бөлігімен жүру үшін жүргізушінің жасы 18-ге толған, үстінде бекітілген дулыға және жарық шағылыстыратын киім болуы және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы керек.