Тоқаев үкіметке күтпеген тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы көлік-транзит әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасындағы көлік-логистика саласының ерекше рөлін атап өтті. Оның айтуынша, бұл сала өңірлердің өзара іс-қимылын жандандыру үшін маңызды. Дегенмен, геосаяси жағдай мен санкциялық текетірес дәстүрлі көлік-логистикалық тізбектердің үзілуіне алып келді.

Президенттің пікірінше, отандық өнімнің қауіпсіз әрі үздіксіз экспортын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау талап етіледі. Мемлекет басшысы еліміздің Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылығын сақтап, Қазақстанды сенімді транзиттік хаб ретінде дамыту қажеттігін атап өтті.

Осы мақсатта баламалы темір жол бағыттарын қалыптастыру қажет. Атап айтқанда, Достық – Мойынты, Бақты – Аягөз, Мақтаарал – Дарбаза жобаларын іске асыру, Алматыны айналып өтетін айналма теміржол желісін салу туралы сөз болып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол паркін нығайту және жолдарға күрделі жөндеу жүргізу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Отандық темір жол машинасын жасауды дамытуға баса назар аудару қажет. Белгілі бір кемшіліктер бар. Қазақстандық өндірушілерді белсенді қолдау қажет,

деді ол.

Президент «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын ауқымды жаңғыртуды жүзеге асыру қажет деп санайды.

ҚТЖ-ны ұлттық көлік-логистикалық компанияға айналдыратын кез келген сияқты. Бұл ҚТЖ мандаты мен міндеттерін кеңейтеді, компанияға елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту бойынша жұмысын барынша кешенді жүргізуге мүмкіндік береді,

деп есептейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өз сөзінде теңіз тасымалын дамытуға ерекше назар аударды.

Қазақстан ешқашан теңіз елі болған емес, сондықтан теңіз тасымалдарының мүмкіндіктерін толық көлемде іске қосқан жоқ. Дегенмен уақыт өзгерді. Мен үкіметтің алдына порттарымызды Каспий теңізінің жетекші хабтарының біріне айналдыра отырып, оларды трансформациялау жөнінде стратегиялық міндет қоямын. Ақтау портында теңіз флотын нығайту және контейнерлік хаб құру талап етілетіндігімен келісемін,

деп атап өтті мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай жеткізілімдерін әртараптандыруды тағы бір маңызды міндет деп атады.

Транскаспий бағыты басым бағыт болып табылады. «ҚазМұнайГазға» оны іске асырудың оңтайлы нұсқасын, оның ішінде Теңіз жобасының инвесторларын тарту мүмкіндігімен пысықтауды тапсырамын. Үкімет «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп, Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының қуаттарын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауы қажет,

деді президент.

Автожол инфрақұрылымын дамыту да басымдық болып қала береді. Мемлекет басшысы бірінші кезекте басталған магистральдық маршруттарды (Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат, Атырау – Астрахань, Алматы – Қарағанды және Талдықорған – Өскемен) реконструкциялауды уақтылы және сапалы аяқтау қажет деп санайды.

Сонымен қатар, үкіметке жыл соңына дейін кедендік рәсімдеу мен шекаралық бақылау процесін толығымен автоматтандыру тапсырылды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago