Бүгін ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің басқосуында Тоқаев пен Лукашенко ТМД-ның жаңа басшысы туралы сөз таластырып қалды.
Басқосудың соңында Александр Лукашенко:
Қасым-Жомарт Кемелұлы, неге жаңа Бас хатшы туралы жарияламадыңыз?
деп сұрақ қояды.
Дәл осы сәтте дипломат саясаткер Тоқаев әріптесіне қалжың аралас жауап берді.
Александр Григорьевич, төрағаны сынау сүйікті кәсібіңізге айналып кеткен бе? Иә, бүгін ТМД-ның Атқарушы хатшысы деген лауазымды ТМД-ның Бас хатшысы деп ауыстырдық. Сергей Лебедев осы атаққа лайық азамат. Енді ол былай айтқанда өмір-бақи Бас хатшы,
деп күлді Тоқаев.
Осылайша Тоқаев ТМД-ның төрағасы деген атақты өзі ұнататын Бас хатшымен алмастырды.
Тоқаев Ресейдің дәргейінен аса алмайтын ТМД әлсіз ұйым екенін астарлап көрсетіп берді.
Айта кетейік, 2023 жылы ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысы Бішкекте өтеді.