Президент Сочи және Баку қалаларына ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
19 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сочи қаласына жұмыс сапарымен барады.
Сапар кезінде Қазақстан мен Ресей басшылары кездесіп, екі елдің стратегиялық серіктестігіне қатысты өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайды,
делінген хабарламада.
Ал 24 тамызда мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Бакуға ресми сапармен барады.
Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері болады. Келіссөз кезінде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады. Екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады,
делінген хабарламада.