Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Тоқаев “шошқа етін сағынғанын” айтты ма?
Руханият

Тоқаев “шошқа етін сағынғанын” айтты ма?

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 26.05.2023
Обновлено 26.05.2023 в 04:05
Поделиться
Поделиться

Әлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаев шошқа етінен жасалған тағамды жақсы көретінін айтқаны, енді бірінде “пісірілген шошқа етін” жақсы көретінін мойындағаны туралы ақпарат тарады. Пост авторлары мен желі қолданушылары қажылық жасаған және мешітке баратын мемлекет басшысының дінге адалдығына күмәнданады. Facktchek.kz порталы ақпараттың анық-қанығын тексеріп көріпті.

Тоқаев Қытайдың CCTV арнасына берген сұхбатында қытай тағамдарын, соның ішінде хуэй го роу тағамын (回鍋肉-қыт. — қайта пісірілген ет) сағынғанын айтқан. Бұл тамақ түрі көбінесе шошқа етінен жасалады, 

деп жазады портал.

Алайда, бұл Президент ислам заңдарын бұзды ма деген оқырман сұрағына нақты жауап бермейді делінген жазбада. 

Ашық дереккөздердегі ақпараттар келесі сұрақтарға жауап бере алмайды:

  • Қазір Тоқаев шынымен шошқа етін тұтына ма?
  • Қазақстан Президенті Қытайда жұмыс істеген 1983-1991 жылдары аралығында исламды ұстанды ма?
  • Тоқаев бүгінде ислам дінін ұстана ма?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат барысында Leaders Talk бағдарламасының жүргізушісінің сұрақтарына жауап берген. Телеарна сұхбаттың толық нұсқасын YouTube-арнасында 13 мамырда жариялады.

Әңгіменің көп бөлігі ағылшын тілінде өтеді, Тоқаев Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық туралы айтқан. 31 минуттық видеоның 27-минутында ғана екеуі қытай тілінде сөйлесе бастайды.

Журналист 28:37-секундында Тоқаевтан «Қытайдың несін көбірек қаттырақ сағындыңыз?» деп сұрайды. Тоқаев оған «Көп нәрсені, қытай тағамын, мәдениетін және қытайларды сағындым» деп жауап береді. Бұдан соң журналист Тоқаевтан нақты қай тағамдарды қаттырақ сағынғанын айтуын өтінеді, Тоқаев оған «Қайта пісірілген ет, пекинде дайындалатын үйрек және дандан лапшасы» дейді.

Хуэй го роу деп оқылатын Қытайдың «回鍋肉» тағамын көптеген ағылшын және орыс тіліндегі дереккөз «екі рет пісірілген шошқа еті» не «қайта пісірілген шошқа еті» деп атайды. Google мен deepl.com аудармашыларына толық салсақ, «Пісірілген шошқа еті» деп аударады. Тоқаев «Екі рет пісірілген шошқа еті» деп жауап берді деген ақпарат осыдан тараса керек. Бірақ Яндекс пен Microsoft аудармашылары «құмырадағы етке қайта оралу» деген нәтиже көрсетеді. Екіншісінің мағынасы сөз тіркесінің сөзбе-сөз «қайта пісірілген ет» деп аударылатын мағынасына жақын.

Иеорглифтерді бөлек аударғанда 回 таңбасы сын есім ретінде «ептілік» дегенді білдіреді, көмекші етістік ретінде «неше рет» екенін көрсету үшін қолданылады, ал етістік ретінде «қайту», «айналу», «бұрылу» дегенді білдіреді. Екінші таңба — 鍋 — «қазан», «кесе» немесе «қуырғыш таба» дегенді білдіреді. Ал 肉 «ет» деп аударылады.

Шошқа еті сөзінің өзі жеке иероглифтерде кездеспейді, ал тағамның атауы «екі рет пісірілген шошқа еті» деп аударылады, өйткені шошқа еті тамақ дайындауда жиі қолданылады. Бүгінде тағамды еттің басқа түрлерімен я вегетариандық стильде дайындауы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі қытайтанушы Әділ Кәукенов Қазақстан Президентінің Қытайдың CCTV орталық телеарнасына берген сұхбатын талдап, қытай тағамдары туралы әңгіме — қытайша әңгіме өрбітудің басты қағидаттарының бірі екенін айтқан болатын.

Анара Бауыржанқызы 26.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
РуханиятБілім

Қазақстан совет мультфильмдерін қазақшаламақ

06.06.2024
РуханиятТарих

Жамбыл Жабаев туралы көркем фильмнің тұсауы кесілді

04.06.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?