Президент 17 мамырда өтетін туған күнін тойламайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіге жазды.
Сәрсенбі, яғни 2023 жылғы 17 мамыр күні Мемлекте басшысы 70-ке толады. Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді,
деп жазады Руслан Желдібай.