Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуінде президент облыс тұрғындарының 10%-і ғана газбен қамтылғанына назар аударды.
2025 жылға дейін Кербұлақ өңірінен Талдықорған қаласының маңына дейінгі барлық елді мекендерді газбен қамтуды тапсырамын. Сонымен қатар «Талдықорған-Үшарал» газ құбырын тарту қажет. Бұл 180 мың адам тұратын Ақсу, Сарқанд және Алакөл аудандарын газбен қамтуға мүмкіндік береді.
— деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаны кезең-кезеңімен қаржыландыруды тапсырды. Сонымен бірге ол «Газ желісіне қосылу құны азаматтар үшін тым қымбат болмауы керек» деп нақтылады.