Тоқаевпен бір күнде туған егіздерге Қасым және Жомарт есімдері берілді

17 мамыр күні Ақтөбе қаласының Ана мен бала денсаулығын қорғау орталығында дүниеге келген егіздерге ата-анасы Қасым және Жомарт деген ат қойған. Бұл туралы жергілікті «Диапазон» басылымы жазып отыр.

Айта кетейік, биыл 17 мамыр күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетпіс жасқа толды.

Дереккөзіне сүйенсек, 27 жастағы Ақниет есімді келіншек мерзімінен бұрын толғатып, перзентханаға түскен. Отбасының егіздерден үлкен үш баласы бар екені хабарланып отыр.

Келінім негізі маусым айында босануы керек еді. Алайда, толғағы ерте басталды. Әуел баста дәрігерлер келініме кесір тілігін жасаймыз деп жоспарлаған, бірақ, өзі босанды. Ақтөбе қаласындағы Ана мен бала денсаулығын қорғау орталығының дәрігерлеріне алғысымыз шексіз,

дейді егіз ұлдың әжесі Шолпан Меңдиярова.

Әрқайсысы 2400 салмақпен туған егіздерді отбасы бес күннен кейін, 22 мамыр күні перзентханадан шығарып алған.

Егіздерге алдын ала «мынадай есім берейік» деп жоспарлаған жоқпыз. Жалпы, немерелерімнің бәрі туып, әбден көзге көрінген соң ғана есім іздейміз. Ал 17 мамыр президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні болған соң, әрі балаларымыз сол күні таңсәріде дүниеге есігін ашқан соң, ырымдап, президенттің құрметіне Қасым және Жомарт деп атадық,

дейді Шолпан Меңдиярова.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago