Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бір күн бұрын қамауға алынған Михаил Козачковтың ісіне қатысты түсініктеме берді.
Баспасөз хатшысының айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа журналист Михаил Козачковқа қатысты тергеу жүріп жатқаны туралы бірқатар БАҚ өкілдерінен үндеу келіп түскен.
Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті. Қазақстан азаматы ретінде журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс,
деп жазды ол Facebook парақшасында.
Медиа өкілдері, құқыққорғаушылар мен саясаттанушылар президентке үндей жолдады. Онда олар Козачковтың бірқатар құқығы бұзылып жатқанын баяндаған. Сонымен қатар журналисті босатуын, заң бұзғандарды жауапқа тартуын талап еткен.