Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Тоқаевтың көшбасшылық қасиетін көпшілік бағаламады
Басты жаңалықтарСаясат

Тоқаевтың көшбасшылық қасиетін көпшілік бағаламады

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 29.12.2022
Обновлено 29.12.2022 в 05:12
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Журналист Леонид Млечин қазіргі президентті қызметінен босатқаны үшін Кәрім Мәсімовке премьер-министр лауазымы уәде етілгенін хабарлады.

Саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram-арнасында ресейлік журналист Леонид Млечиннің жуырда таныстырылымы өткен «Қаралы Қаңтар. Президент Тоқаев және сабақ алу» атты кітабының үзіндісімен бөлісті, деп хабарлайды Globalnews Информбюроға сілтеме жасап.

Кітап авторы Қазақстан президентінің Қаралы қаңтардан сабақ алғанына сенімді, «мемлекетті жеке диктатурасының режиміне енгізіп, оқшаулап қойған жоқ», дейді. Оның айтуынша, мемлекет басшысы шынайы демократиялық реформаларды жүзеге асыруға кірісті: өзіне берілетін артықшылықтардан бас тарту, парламент пен азаматтық қоғам рөлінің артуы.

Орталық Азияда бұрын-соңды болмаған оқиға: Қазақстанда халқымен жеті жылға келісімшарт жасасқан президент шықты. Хан емес, сұлтан емес, жалдамалы менеджер. Тоқаев маған Назарбаевтың айтқан сөзін қайталады: «Мен сені отыз жылдан бері білемін, бірақ сен мұндай әрекетке қабілеттісің деп еш ойламадым»

 делінген кітапта.

Автор өз кітабында Нұрсұлтан Назарбаевтың жоспарын бөлісті, оған сәйкес бірінші президент өз лауазымына үш жылға оралып, кейін орнына өзіне ыңғайлы адамды қоюы керек болатын.

Қазіргі президентті қызметінен босатқаны үшін ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке шексіз өкілеттіктері бар премьер-министр лауазымы уәде етілді, деп жазады Млечин.

Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми Елбасы институты елдегі ең жоғары билік органы екені туралы мақала жариялады. Қазақстандағы мемлекеттік биліктің ирандық моделі – президентке аятолла болу туралы айтылды. Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Сауд Арабиясының тәжірибесі негізінде монархияны енгізу идеясы пайда болды. Бұл модель билік құрылымдарында талқылана бастады, алайда Тоқаев Назарбаевты «Бүкіл әлем бізге қарап күледі» деп бұл идеядан бас тартуға көндірген,

делінген Млечин кітабында.

Автор Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев арасында биліктің кімнің қолында екені туралы диалог болғанын жазды.

Тоқаев бірінші президентке: Нұрсұлтан Әбішұлы, билікке қатысты шешім қабылдау керек, қазіргі жағдай елдегі тұрақсыздықты арттыра түседі», – деді. Тәжірибелі Назарбаев тек әзілдеп: «Менің міндетім – саған көмектесу, мен екеуіміздің табысты болуымызға мүдделімін,

делінген кітапта.

Леонид Млечиннің айтуынша, Қазақстан президентінің табандылығы мен салқынқандылығы Қаралы Қаңтардың қалай аяқталатынына себепші болды. 

Тоқаев қарулы күштің адамы емес, дипломат, интеллигент, парасатты тұлға. Ол маған шешуші сәтте оған айтылған сөздерді баяндады: Жағдай аса қауіпті, қазір бастысы – сізді аман алып қалу. Жеке күзетші мен жанармай құйылған арнайы ұшақ дайын тұр… Ұшақта жүк бар – былайынша айтқанда, алдағы шығындарға қажет 25 миллион доллар. Қайда ұшқыңыз келеді? Президенттің ұшып кететініне күмәнданбадық,

делінген кітапта.

Млечин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды құтқарып қалу үшін қолдан келгеннің барлығын жасағанына назар аудартады.

Қаралы Қаңтардағы шешуші күнде Қазақстан президентінің халқына қарата айтылған жолдауында «Мен қаламын» деген сөздер болды. Көп адам президенттің мұны не үшін айтқанын түсінбеді. Бұл сөздер мемлекет басшысына кедергі келтіріп, билікті басып алғысы келгендерге арналды,

деп жазды автор.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде «Қаралы Қаңтар. Президент Тоқаев және сабақ алу» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараны Қазақстан елшісі Ермек Көшербаев ашты. Ол өз сөзінде бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлердің Қаралы Қаңтар туралы көп жазғанын, алайда «Қаңтардағы оқиғалардың себебі мен жағдайларын түсіну мақсатындағы нақты әрекеттердің әлі болмағанын» атап өтті. Оның айтуынша, бұл олқылықтың орнын Леонид Млечин толтырды.

Жазушы болған оқиғаның картинасын қайта құрастыру үшін Қазақстанға келіп, құжаттарды зерттеді, оқиға қатысушылары мен куәгерлерімен тікелей жүздесті. Оқырман алда білетін көптеген факті бұған дейін жасырын болды.

Қаңтардағы оқиғалар бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді. Тергеуден кейін 1113 азаматқа қатысты айыптау үкімі шығарылып, тағы 315 адамның ісі әлі қаралып жатыр. 238 азамат қаза тапты.

ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 29.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?