Оқиға

«Тойдан шығып, демалуға барған»: Сырдарияға батып кеткен туыстар жайлы жаңа дерек айтылды

Сырдарияға батып кеткен туыстар тойдан шығып, демалуға барған. Түркістан облысы әкімдігінде қайғылы жағдайға қатысты жаңа дерек айтылды.

Түркістан облысында Сырдария суына батып кеткен адамдарды іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Суға батып кеткен 11 адамның 8-і кәмелеттік жасқа толмаған.

Бұл жерде бір әулеттің отбасы тойдан шыққан соң су жағасына демалуға барған. Баршасы шомылатын жер емес екендігін білген. Себебі, ешбірі суға шомылатын киіммен түспеген. Су жағасында отырғанда кішкентай қыздың бірі аяғы тайып, құлап кеткен. Оны құтқармақшы болып соңынан анасы мен әкесі секірген. Содан ағын судан шыға алмай қалған деген болжам бар. Ал, аман қалған отбасы мүшелеріне көршілері мен ағайындары көмектескен.

Еске салайық, қайғылы жағдай 21 тамызда кешкі уақытта болған. Сырдария өзеніндегі автокөлік көпірінің маңында бір-біріне жақын туыс болып келетін 4 отбасының 20 шақты адамы демалып жүрген. Алайда демалыс соңы аса қайғылы жағдайға ұласып, 11 адам шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға батып кеткен.

Суға кеткен 11 адамның сегізінің денесі табылды. Қалған 3 адамның мәйітін іздеу жалғасып жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago