Түркістан облысы Отырар ауданында Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның алтауы кәмелетке толмағандар болып шықты.
Бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшелері демалуға барып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Суық хабарды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев жеткізді.
Оның айтуынша, Шомылуға келген 21 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі балалар болса, 6-ы ересектер. 3 адамның мәйітін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Ведомство сондай-ақ бүгін түнде суға батқан сегізінші адамның денесі табылғанын мәлімдеді.
Іздеу жұмыстарына ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Құтқарушылар судағы қауіпсіздік шараларын назардан тыс қалдырмауға шақырады. Бұл үшін арнайы рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу керек,
деп ескертеді ТЖД өкілдері.