Толық қазақшаланған Көкшетау

Бүгін қаланың 19 көшесі мен 2 саябағы қазақшаланды. Осылайша солтүстік өңірдің қаласы елдегі бірінші толық қазақшаланған мақтанышқа айналды.

Қала төрінен Жанатай батыр Ақанұлына көше берілді.

Жанатай батыр — қалмақ-жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақтың хас батырлары Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Батыр Баяндардың үзеңгілес серігі болған. Ел басына қауіп төнген қасіретті заманда қайсар рухымен, қайыспас жігерімен, қажыр-қайратымен ер қорғаған батыр.

Ақанұлы Жанатай батыр жайында жергілікті ақын-жазушылар Естай Мырзахметов, Көкен Шәкеевтер әр кезде баспасөз беттерінде мақалалар жазды. Оның ерліктері мен басынан өткерген оқиғалары «Көкшетау Правдасы», «Көкшетау», «Бұқпа!», «Арқа ажары» газеттерінде жарық көрген.

Сөйтіп, бүгін Көкшетауда мына көшелердің аттары өзгерді:

1. «Алаш арыстары» саябағы («Парк борцам за революцию») саябағы

2. Жақып Омаров саябағы (Шахмет Құсайынов атындағы қазақ драма театры алаңындағы саябақ)

3.Кәкімбек Салықов атындағы жағалау (Н.Назарбаев даңғылы бойындағы жағалау атауы)

4.Таң самалы көшесі (2 горная көшесі)

5. Ізгілік көшесі (Адам Мицкеевич көшесі)

6. Алматы көшесі – Алма-Атинская көшесі (Транскрипцияны нақтылау мақсатында )

7. Күйші Дәулеткерей көшесі (Дмитриев көшесі)

8. Керуен көшесі – (Кирветка көшесі)

9. Ғарышкерлер көшесі (Космонавтар көшесі)

10. Айыртау көшесі (Литвинов көшесі)

11. Қосман Айтмұхаметов көшесі (Т.Сүлейменов көшесінен бастап, Н.Назарбаев даңғылына дейінгі аралықтағы көше)

12. Үркер көшесі (Н.Добролюбов көшесі)

13. Көне Ботай көшесі (Никитин көшесі)

14. Шабыт көшесі (Свердлов көшесі)

15. Асу көшесі (Сопочная көшесі)

16. Тіршілік көшесі (Узкая колея көшесі)

17. Гүлдер көшесі (Цветочная көшесі)

18. Сергей Дьяченко көшесі (Челюскин көшесі)

19. Байқоныс көшесі – (Шучинская көшесі)

20. Камали Мырзахметов көшесі (Дзержинский көшесі)

21. Жанатай батыр Ақанұлы көшесі (С.Лазо көшесі)

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago